https://sputnik.kz/20220613/taraz-qaru-zharaq-qoymasy-25499689.html
Таразда гараждың артынан қару-жарақ қоймасы табылды
Таразда гараждың артынан қару-жарақ қоймасы табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Полицейлер жедел іздестіру шаралары кезінде Тараз көшелерінің бірінде гараждың артынан қару-жарақ қоймасын тапты. 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T16:28+0500
2022-06-13T16:28+0500
2022-06-13T16:28+0500
өңірлер
тараз
гараж
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_0:213:3689:2288_1920x0_80_0_0_c433023ecd1427b783b386c5daec9af6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Полицейлер жедел іздестіру шаралары кезінде Тараз көшелерінің бірінде гараждың артынан қару-жарақ қоймасын тапты.Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 8 патроны бар "ПМ" тапаншасы, револьвер, 12 калибрлі "ИЖ" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, "LSG-80" жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Сондай-ақ, полицейлер тағы бір қару-жарақ арсеналын анықтаған. Атап айтқанда, ТТ тапаншасы, иір ойықты қару, тегіс ұңғылы қару, жарық-шу гранатасы, дыбыс -шу гранатасы, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны, 1 бронжилет тәркіленді.Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілер мен арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Анонимділікке кепілдік беріледі.Бұған дейін ІІМ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендері мен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимаратынан 2 900-ден астам қару, сондай-ақ 63 180 оқ-дәрі ұрланғанын хабарлады. Министрлік ұрланған қарудың көбі әлі де қылмыскерлердің қолында екенін айтқан болатын.
https://sputnik.kz/20220608/ministr-qylmyskerler-qaru-25398303.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_178:0:3511:2500_1920x0_80_0_0_1831e14aa54304e2c386b90e45059c71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, гараж, қару-жарақ
Таразда гараждың артынан қару-жарақ қоймасы табылды
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Полицейлер жедел іздестіру шаралары кезінде Тараз көшелерінің бірінде гараждың артынан қару-жарақ қоймасын тапты.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, 8 патроны бар "ПМ" тапаншасы, револьвер, 12 калибрлі "ИЖ" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, "LSG-80" жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Сондай-ақ, полицейлер тағы бір қару-жарақ арсеналын анықтаған. Атап айтқанда, ТТ тапаншасы, иір ойықты қару, тегіс ұңғылы қару, жарық-шу гранатасы, дыбыс -шу гранатасы, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны, 1 бронжилет тәркіленді.
Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілер мен арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бұған дейін ІІМ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендері мен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимаратынан 2 900-ден астам қару, сондай-ақ 63 180 оқ-дәрі ұрланғанын хабарлады. Министрлік ұрланған қарудың көбі әлі де қылмыскерлердің қолында екенін айтқан болатын.