Экономика

Смайылов Ресей вице-премьерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселесін талқылады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Үкімет үйінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сондай-ақ олар екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.
Айта кетері, 10 маусымда Нұр-Сұлтанда ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Беларусь вице-премьерлері және тағы басқалары қатысты.
ТМД экономикалық кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Экономика
ТМД экономикалық кеңесінің мерейтойлық отырысы Мәскеуде өтеді
Жаңалықтар
0