Экономика

ТМД экономикалық кеңесінің мерейтойлық отырысы Мәскеуде өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневТМД экономикалық кеңесі
ТМД экономикалық кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Отырыстың бірінші бөлімі жабық форматта өтті
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы экономикалық кеңесінің 95-ші мерейтойлық отырысы осы жылдың қыркүйегінде Мәскеуде өтеді. Бұл туралы ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлімдеді.
"ТМД экономикалық кеңесінің келесі отырысын 23 қыркүйекте Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылданды", - деді Лебедев Нұр-Сұлтанда өткен 94-ші отырыс барысында.
© Sputnik / Владислав ВодневТәуелсіз мемлекеттер достастығы экономикалық кеңесі
94-ое заседание экономического совета СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы экономикалық кеңесі
10 маусым күні Нұр-Сұлтанда ТМД экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Оған премьер-министрдің орынбасары, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев, Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид, Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, экономикалық даму және кедейлікті азайту министрі Джамшид Кучкаров, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
Отырыстың бірінші бөлімі жабық форматта өтті. Ал шараның ашық түрде өткен бөлімінде қатысушылар бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.
Жаңалықтар
0