https://sputnik.kz/20220608/ulttyq-quryltay-algashqy-otyrysy-25408601.html
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытау облысында келесі аптада – 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин... 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T18:18+0500
2022-06-08T18:18+0500
2022-06-08T18:18+0500
қоғам
ұлттық
https://sputnik.kz/img/267/83/2678328_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_f928c0d3a9459ff52e8881ecb036520f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытау облысында келесі аптада – 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин хабарлады."Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы жаңадан құрылған Ұлытау облысында 16 маусымда өтеді. Аталған консультативті-кеңес органының құрамына парламент депутаттары, Қазақстан халық ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер және белгілі сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-да.Ол Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі қоғам бірлігін одан әрі нығайту және дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу екенін атап өтті.Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында ел халқына жолдауында билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын Ұлттық құрылтай құруды ұсынды.Бүгін, 8 маусымнан бастап Қазақстанда үш жаңа өңір – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық күшіне енді. Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы бөлініп шықты, орталығы – Жезқазған қаласы.
https://sputnik.kz/20220330/ulttyq-quryltay-toqaev-23854708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/267/83/2678328_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_35d70a2e00c5fffa259a2b1087e1d078.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытау облысында келесі аптада – 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин хабарлады.
"Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы жаңадан құрылған Ұлытау облысында 16 маусымда өтеді. Аталған консультативті-кеңес органының құрамына парламент депутаттары, Қазақстан халық ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер және белгілі сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді", - деп жазды Ерлан Қарин
Telegram-да.
Ол Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі қоғам бірлігін одан әрі нығайту және дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу екенін атап өтті.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында ел халқына жолдауында билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын Ұлттық құрылтай құруды ұсынды.
Бүгін, 8 маусымнан бастап Қазақстанда үш жаңа өңір – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық күшіне енді. Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы бөлініп шықты, орталығы – Жезқазған қаласы.