https://sputnik.kz/20220606/gaz-ballondardyn-bagasy-arzandaydy--ministr---25341214.html
Газ баллондардың бағасы арзандайды – министр
Газ баллондардың бағасы арзандайды – министр
Sputnik Қазақстан
Әрбір баллон тіркеуге алынады және техникалық төлқұжат беріледі 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T11:44+0500
2022-06-06T11:44+0500
2022-06-06T11:44+0500
қоғам
газ
баға
https://sputnik.kz/img/106/55/1065585_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_f17874541d5284ffc0bf07982ef3d512.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баллонмен сатылатын газдың бағасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілістегі үкімет сағатында депутаттар баллонмен сатылатын газ мәселесіне тоқталды. Бүгінде ондай газдың бағасы литріне 116 теңгеден басталады. Ал жанар-жағармай құю станцияларында дәл сондай газ екі есе арзан тұрады. Министр Ақшолақов ол мәселені білетінін және көптен бері талқылап жатқанын жеткізді. "Шынымен де, ол екі газдың ешбір айырмашылығы жоқ. Жанар-жағармай станциясы болсын, газ баллонын толтыратын орындар болсын, бәрінде сұйылтылған газ сатылады. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Баға реттелетін болса, бірдей болады. Тұрмыстық мақсатта қолданылатын газдың бағасы жанар-жағармай станцияларымен бірдей, 50-70 теңгенің маңайында болады", - деді Ақшолақов. Министр газ баллондардың қауіпсіздік мәселесіне де тоқталды. Себебі "бала кезінде көрген баллондар әлі күнге дейін айналымда жүргенін" атап өтті. Алдағы уақытта газ баллондарды тексеру талабы енгізіледі. Әрбір баллон тіркеуге алынады және техникалық төлқұжат беріледі.
https://sputnik.kz/20220606/180-kundik-shekteu-ministr-gaz-25336807.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/106/55/1065585_182:0:903:541_1920x0_80_0_0_cc3805416d5187cd1e95dfad6e019df7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, баға
Газ баллондардың бағасы арзандайды – министр
Әрбір баллон тіркеуге алынады және техникалық төлқұжат беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баллонмен сатылатын газдың бағасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістегі үкімет сағатында депутаттар баллонмен сатылатын газ мәселесіне тоқталды. Бүгінде ондай газдың бағасы литріне 116 теңгеден басталады. Ал жанар-жағармай құю станцияларында дәл сондай газ екі есе арзан тұрады. Министр Ақшолақов ол мәселені білетінін және көптен бері талқылап жатқанын жеткізді.
"Шынымен де, ол екі газдың ешбір айырмашылығы жоқ. Жанар-жағармай станциясы болсын, газ баллонын толтыратын орындар болсын, бәрінде сұйылтылған газ сатылады. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Баға реттелетін болса, бірдей болады. Тұрмыстық мақсатта қолданылатын газдың бағасы жанар-жағармай станцияларымен бірдей, 50-70 теңгенің маңайында болады", - деді Ақшолақов.
Министр газ баллондардың қауіпсіздік мәселесіне де тоқталды. Себебі "бала кезінде көрген баллондар әлі күнге дейін айналымда жүргенін" атап өтті. Алдағы уақытта газ баллондарды тексеру талабы енгізіледі. Әрбір баллон тіркеуге алынады және техникалық төлқұжат беріледі.