Білім

Дебат турнирінің жеңімпаздарына білім гранты берілді

© Photo : Пресс-служба министерства образования и науки КазахстанаДебат турнирінің жеңімпаздарына білім гранты берілді
Дебат турнирінің жеңімпаздарына білім гранты берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Биыл Қазақстанның 6 жоғары оқу орны дебатқа қатысатын 12 түлекке білім грантын берді
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Дебат турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қомақты ақшалай сыйлықтар мен білім грантын алады. Биыл Қазақстанның 6 жоғары оқу орны 12 пікірсайысшы түлекке білім грантын берді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Дебат турнирінің 12 жеңімпазы Қорқыт ата атындағы университет, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Х.Досмұхаметов атындағы Атырау университеті, Тұран университеті, Satbayev University және Нархоз университетінде оқуға грант алды. Одан бөлек олар турнирлерге қатысқаны үшін грамоталармен, кубоктармен және 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Білім және ғылым министрлігі дебатты кеңінен насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда елімізде 120 944 адамды қамтитын 6 778 дебат клубы бар. Олардың арасында оқушылар да, студенттер де бар.
"Екі жыл бұрын 4 405 мектеп және студенттік клубта 66 186 пікірсайысшы болса, бүгінде олардың саны 120 мыңнан асты. Олар сындарлы талқылау өнерін үйренеді, басқа дебатшылармен достық және сыйластық қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ олар ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық белсенділігін арттырады. Биыл Балалар жылы аясында бес дебат турнирі ұйымдастырылады", - деп түсіндірді миинистрліктің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.
Бүгінде бес дебат турнирінің екеуі өткізілген. Оларға 500-ге жуық оқушы мен студент қатысып, кәмелетке толмағандарды оқыту, тәрбиелеу және олардың құқығын қорғаудың маңызды мәселелерін көтереді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Білім
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты
Директордың айтуынша, пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында білім және ғылым министрлігі дебат қозғалысының жобалық кеңсесін құрды. Бұл қозғалысты кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Жаңа мектепішілік дебат клубтары құрылып, облыстық және аудандық деңгейде үйлестірушілер анықталып, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, вебинарлар өткізілген. Сондай-ақ елімізде оқушыларды дебат өнеріне баулитын 100-ден астам маманнан тұратын тәжірибелі пікірсайысшылар пулы құрылған.
Сонымен қатар колледждер мен мектептерде дебат клубтарына көмектесу үшін студент десантшылар құрылып жатыр. Педагогикалық жоғары оқу орнының барлығы еріктілер топтарын құрып, мектептерде тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізеді, турнирлерді ұйымдастыру кезінде волонтерлік көмек көрсетеді.
Одан бөлек, биыл республикалық оқу-әдістемелік орталығы дебат клубтарының жетекшілеріне көмек көрсету мақсатында пікірсайыс машықтарын дамыту тақырыптарында 35 вебинар өткізген. Оларға 3 мыңнан астам адам қатысқан.
Жаңалықтар
0