https://sputnik.kz/20220530/aymagambetov-kimder-ubt-tapsyrmay-aq-grantqa-tusetinin-aytty-25169278.html
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін президенттің тапсырмасымен заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T13:54+0500
2022-05-30T13:54+0500
2023-08-09T09:49+0500
білім
ұбт
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_0:113:3239:1935_1920x0_80_0_0_511a5473bfe4961bc033120a9caa5b2e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.Аймағамбетов бүгін министрлік Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайтынын атап өтті. Қазақстандық оқушылар 70-тен астам елден қатысқан жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған болатын. Осылайша ұлттық құрама ІІІ орын иеленді."Енді олар бірінші болып жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар президенттің шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр", - деді Аймағамбетов.Бұған дейін президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20220521/olimpiada-oqushylar-45-mln-tenge-24960637.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_254:0:2985:2048_1920x0_80_0_0_ac0b277e600f487c28d4d63b04775260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, білім гранттары
Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсетінін айтты
13:54 30.05.2022 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) Бұған дейін президенттің тапсырмасымен заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорт жарыстары мен әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық университеттерге грантқа түсе алады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың, спорт және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.
"Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық университеттерде бейінді бағытта білім алу үшін грант бөлуге мүмкіндік береді", - деп жазды министр әлеуметтік желіде.
Аймағамбетов бүгін министрлік Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайтынын атап өтті. Қазақстандық оқушылар 70-тен астам елден қатысқан жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған болатын. Осылайша ұлттық құрама ІІІ орын иеленді.
"Енді олар бірінші болып жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар президенттің шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр", - деді Аймағамбетов.
Бұған дейін президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Оған сәйкес, алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы қарастырылған.