АҚШ пен Батыс "жасырын саудаға" көшті ме

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжозеф Байден
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Украинадағы арнайы операция созылған сайын батыстағы серіктестердің бірлігі ыдырай бастаған сыңайлы. Олар бастапқыда-ақ экономикалық блицкригке үлкен үміт артқан болуы керек, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Егер брендтік киім-кешек пен түрлі тауарды орыстардың нарығынан алып тастаса, олар ымыраға келуге мәжбүр болады деген батыстағылардың жоспары ақталмады. Сондықтан батыстағы серіктестердің қатарында күмән артты. АҚШ президенті Джо Байден өткен аптада New York Times басылымында "Америка Украинада не істейді және нені істемейді" деген тақырыппен мақала жариялады. Ол бұл мақалада Украинаға не себепті қару-жарақ жеткізіп жатқанын ашып түсіндіруге тырысты.
Байденнің пікірінше, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелер, тікұшақтар мен пилотсыз ұшатын аппараттар, стингерлер мен джавелиндер бейбіт мақсатта жеткізіліп жатыр. Байден мұның барлығы "Ресеймен келіссөз үстелінде Украинаға мейлінше ұтымды ұстанымды қамтамасыз ету үшін" қажет екенін жазды.
Байден наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин тралы "бұл адам биліктен кетуі керек" дегенмен, қазір ойын өзгерткен көрінеді. "Путин мырзаның ойын құптамайтыныма және оның іс-әрекетін қате деп санайтыныма қарамастан, АҚШ оны биліктен кетіруге тырыспайды", - деп жазды америкалық көшбасшы.
"Америкалық саясаткерлер осы жазбасы арқылы америкалық президент Украина бойынша Мәскеумен қандай да бір ымыраға келуге дайын екенін аңғартып, жасырын сигнал беріп жатқанын айтып жатыр", - деп жазылған материалда.
Байденнен кейін Франция президенті де Мәскеуге жылы қабақ таныта бастады. "Ресейдің беделін таптауға болмайды. Әскери іс-қимылдар аяқталған соң, біз онымен дипломатия орнатуға тырысу керекпіз", - деді сұхбатта Эммануэль Макрон.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Әлем
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді
АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Пентагонның саяси кеңесшісі Эдвард Люттвак украин дағдарысынан шығудың жалғыз жолы Донецк пен Луганск Халық Республикаларында референдум өткізу екенін мәлімдеді. "Ресейді жеңу – бұл тек қиял. Себебі Ресей өзі азық-түлік шығарады және оның иелігінде энергия көздері бар", - деген сарапшы экономикалық шектеу мақсатында енгізілген санкциялар тиімсіз екенін мойындады.
Люттвак бұл ойымен блогта емес, немсітердің Die Welt ресми газетіне берген сұхбатында айтты. Бірақ келіссөз бен ымыраға келуге астыртын ишара қайдан пайда болды? Неге батыстық серіктестер аяқ асты пікірлерін өзгертіп жатыр?
"Бұл негізінен украин армиясының қазіргі күрделі ахуалына байланысты. Өйткені Зеленский "басқыншылар украин жерінің 20 процентін бақылауда ұстап тұр" деді. Шындығында да, уккраин әскері тығырыққа тірелді. Сондықтан батыстағылар Мәскеуді арнайы операцияны тоқтатуға итермелегісі келіп отыр", - деп жазды мақала авторы.
Дегенмен Ресейге қарсы ақпараттық соғыс жалғасып жатыр. Ұжымдық Батыс Ресейді оқшаулауға тырысқанымен, өзі әлемдік оқшаулауда қалып қойғанын түсінді. Себебі, стингерлер, джавелиндер, Украинаға әскери көмекке бөлінген миллиардтаған доллар, русфобты үгіт-насихат, антиресейлік санкциялардың барлығы батыс елдерін бүкіл әлем алдында соғысқа арандатушылар ретінде көрсетіп тұр. Сондықтан батыстағылар ақпараттық соғыс арқылы өздерін бейбітшіліке ұмтылатын, ал Ресейді соғысты тоқтатудан бас тартып отырған тарап ретінде сипаттап отыр.
Мәскеумен келіссөз жүргізуге ниет білдіру бойынша пікірлер бұған дейін де айтылды. Бірақ биліктегілер мұндай ойға енді құлақ асып жатқаны байқалады. Бірнеше күн бұрын Foreign Affairs ықпалды журналында Байденге Мәскеумен келіссөзді қалай жүргізу керектігі туралы ұсыныстар қамтылған мақала жарияланды. Оны америкалық профессор Майкл Киммэдж бен ресейлік экс-азаматша Мария Липман жазды.
Мақала авторлары Мәскеуге қысым көрсету немесе оны санкциялар арқылы өз дегеніне ию мүмкіндігі жүзеге аспайтынын жазған.
"Ресейді оқшаулау немесе әлсірету туралы мәлімдемелер орыстардың Батысқа қатысты көзқарасын одан бетер нашарлата түседі. Вашингтон қолдайтын кез келген оппозиционерге орыс халқы сенбейді", - деп жазды олар.
Бірақ Ресейдің Украинаға да, батыс елдеріне де қойған нақты талаптары бар. Осы талаптар орындалмайынша Мәскеумен қандай да бір ымыра болатыны туралы ойлаудың өзі артық. Талаптар орындалғанға дейін Украинадағы арнайы операция жалғаса береді.
Жаңалықтар
0