https://sputnik.kz/20220523/aqsh-akimshiligi-ortalyq-aziya-24979330.html
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді
Sputnik Қазақстан
Делегацияны мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөнідегі көмекшісі Дональд Лу бастап келеді 23.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-23T08:37+0500
2022-05-23T08:37+0500
2022-05-23T09:01+0500
әлем
ақш
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24116732_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_9b32dafa25ff530acf2d706944edf74a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға келеді.Делегацияның мақсаты – аймақпен байланысты күшейту, деп хабарлады Американың мемлекеттік департаменті. Делегацияны мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөнідегі көмекшісі Дональд Лу бастап келеді. Онымен бірге Ресей және Орталық Азия бойынша ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас директоры Эрик Грин, қорғаныс министрлігі мен халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды тұлғалары да жүреді. Іссапар барысында америкалықтар төрт елдің билік өкілдерімен, азаматтық қоғам мен іскерлік топтармен кездеседі. Келіссөздер кезінде экономикалық ынтымақтастық, қауіпсіздік саласында бірлескен жұмыс, "ортақ құндылықтарды" қолдау, жергілікті мәдениет, әйелдер құқықтары, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ, Ауғанстан босқындарына көмек беру мәселесі талқыланады. Қазақстанда алдағы реформалар да сөз болады деген жоспар бар. Ал Тәжікстанда жыл сайынғы екіжақты консультациялар өтеді.
ақш
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24116732_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_3f9116d163afb726fc5ebeb0ac9a12cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, орталық азия
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді
08:37 23.05.2022 (жаңартылды: 09:01 23.05.2022) Делегацияны мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөнідегі көмекшісі Дональд Лу бастап келеді
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға келеді.
Делегацияның мақсаты – аймақпен байланысты күшейту, деп хабарлады Американың мемлекеттік департаменті.
Делегацияны мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөнідегі көмекшісі Дональд Лу бастап келеді. Онымен бірге Ресей және Орталық Азия бойынша ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас директоры Эрик Грин, қорғаныс министрлігі мен халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды тұлғалары да жүреді.
Іссапар барысында америкалықтар төрт елдің билік өкілдерімен, азаматтық қоғам мен іскерлік топтармен кездеседі.
Келіссөздер кезінде экономикалық ынтымақтастық, қауіпсіздік саласында бірлескен жұмыс, "ортақ құндылықтарды" қолдау, жергілікті мәдениет, әйелдер құқықтары, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ, Ауғанстан босқындарына көмек беру мәселесі талқыланады.
Қазақстанда алдағы реформалар да сөз болады деген жоспар бар. Ал Тәжікстанда жыл сайынғы екіжақты консультациялар өтеді.