Саясат

Тоқаев референдумда дауыс берді - видео

© Photo : Telegram/Referendum2020.kzТоқаев референдумда дауыс берді
Тоқаев референдумда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Референдумда дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқав референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы астанадағы №59 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері алдымен Тоқаевты тізім бойынша тексерді. Одан кейін дауыс беру бюллетенін берді. Президент кабинкада көп бөгелген жоқ. Президент бюллетеньде белгі қойып, сыртқа шығып, дауыс беру парағын стационарлық жәшікке салды.
"Бүгін, шын мәнінде, ел тарихында ерекше күн. Халқымыз маңызды бетбұрыс жасайтын шешім қабылдап жатыр. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Ешқандай мәжбүрлеу жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған", - деді Тоқаев.
Президент дауыс берген сайлау учаскесінде халықты тоқтатқан жоқ. Адамдар емін-еркін жүрді.
Айта кетері, референдумда дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Бұдан соң учаскелердің есігі жабылып, бюллетеньдерді санау жұмысы басталады.
Қазақстандықтардың басым бөлігі конституциялық өзгерістерді қолдаса, түзетулер бірден Ата заңға енгізіледі. Ол үшін арнайы жарлық пен қаулы қабылдаудың қажеті жоқ.
референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Қазақстандықтар 9 964 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр
Жаңалықтар
0