Қазақстандықтар 9 964 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр

© Sputnik / Владислав Водневреферендум
референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Он бес шет мемлекетте 17 учаскеде дауыс беру басталды
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 947 учаске ашылды.
"Өңірлердегі референдум комиссияларының ақпаратына сәйкес, елорда уақытымен таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша барлығы 9 947 учаске ашылды. Сонымен қатар, он бес шет мемлекетте 17 учаскеде дауыс беру басталды", - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Осылайша қазір қазақстандықтар 9 964 учаскеде дауыс беріп жатыр.
Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, яғни астана уақытымен 08.00-де ашылды.
Жаңалықтар
0