https://sputnik.kz/20220604/bugin--memlekettik-ramizder-kuni-25274996.html
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы мен... 04.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-04T08:00+0500
2022-06-04T08:00+0500
2022-06-04T08:00+0500
мемлекеттік рәміздер
мемлекеттік ту
елтаңба
әнұран
https://sputnik.kz/img/919/28/9192855_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_b0ba42b20d8f359076eb2d58e3a75f4b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілген болатын. Ал 2007 жылы "Мемлекеттік рәміздер туралы" конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Рәміздер конкурсына 600 адам қатысты1992 жылы алдымен мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобы құрылған болатын. Арнайы шығармашылық комиссия да жасақталды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Осыдан кейін елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланды.Конкурсқа 600-ден астам адам қатысты. Әрбіреуі рәміздердің бірнеше үлгісін ұсынды. Мәселен, мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінім түскен. Соның ішінен суретші Шәкен Ниязбековтың нұсқасы бекітілді.Пырақтар неге мүйізбен бейнеленген?Конкурсқа елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі ұсынылды. Комиссия барлық үлгіні жіті қарап шықты. Содан сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылды. Ол кезде Жандарбек Мәлібеков 50 жаста еді. Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болды.Алайда сәулетшілердің нұсқасы бекітілді. Пырақтардың мүйізі де жайдан-жай салынған жоқ. Бұрын көшпенділер мүйізді сан алуан салттар кезінде пайдаланған. Сондай-ақ, жауынгерлік тудың ұшына орнатты. Жалпы, көктің сыйы, жердің игілігі мен жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.2018 жылы елтаңбада "Қазақстан" жазуы латын графикасымен QAZAQSTAN деп берілетін болды. Биыл Жандарбек Мәлібеков 80 жасқа келді. Наурыз мерекесі қарсаңында президент жарлығымен І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.Жаралған намыстан қаһарман халықпыз...Рәміздер конкурсында әнұранның 750 нұсқасы да қаралды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтауға шешім қабылданды. Осылайша, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамидидің музыкасы қалды. Ал үздік мәтінге жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.2006 жылы Қазақстанның жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды. Халық арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтінге біршама өзгеріс енгізді. Сөйтіп, авторлардың қатарына қосылды.Мемлекттік туды пайдалану ережелері қайта қаралады2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарауды тапсырды. Осыдан туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарында, соның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда ілуге рұқсат берілді. Бірақ ол ұлтық стандартқа сай болуы қажет. Туды қараңғы уақытта жарық құралдарын қолданбай пайдалануға мүмкіндік бар.Конституциялық заңға сәйкес, мемлекеттік тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Бірақ бір рет пайдаланылатын заттарға салуға болмайды.Биыл жастар арасында танымал әншілердің концертінде болған келеңсіз жағдайдан кейін Тоқаев туды пайдалану ережелерін қайта қарауға тапсырма берді.Мемлекеттік туды қандай жағдайда қолдануға тыйым салынған
https://sputnik.kz/20190925/Anuran-uzilip-qaldy-Qazaqstan-sportshylary-sasqan-zhoq-video-11625213.html
https://sputnik.kz/20220601/memlekettik-tudy-paydalanu-tartibin-qayta-qarau-kerek--toqaev-25220439.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/919/28/9192855_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c4a6da6a88de697663ad69131aa80d2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран
мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілген болатын. Ал 2007 жылы "Мемлекеттік рәміздер туралы" конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Рәміздер конкурсына 600 адам қатысты
1992 жылы алдымен мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобы құрылған болатын. Арнайы шығармашылық комиссия да жасақталды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Осыдан кейін елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланды.
Конкурсқа 600-ден астам адам қатысты. Әрбіреуі рәміздердің бірнеше үлгісін ұсынды. Мәселен, мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінім түскен. Соның ішінен суретші Шәкен Ниязбековтың нұсқасы бекітілді.
Пырақтар неге мүйізбен бейнеленген?
Конкурсқа елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі ұсынылды. Комиссия барлық үлгіні жіті қарап шықты. Содан сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылды. Ол кезде Жандарбек Мәлібеков 50 жаста еді. Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болды.
"Отанымда осындай тарихи оқиғалар болып жатқан кезде шетте қала алмадым. Сол себепті конкурсқа қатыстым. Конкурсқа 300-ге жуық эскиз түскенін де білдім. Талқылау кезеңінде елтаңбаға күн, ай, жұлдызды қосуды ұсындым. Кей депутат айды ислам фундаментализмінің, ал жұлдызды – кеңестік кезеңнің символы деп санады", - деп еске алады Мәлібеков.
Алайда сәулетшілердің нұсқасы бекітілді. Пырақтардың мүйізі де жайдан-жай салынған жоқ. Бұрын көшпенділер мүйізді сан алуан салттар кезінде пайдаланған. Сондай-ақ, жауынгерлік тудың ұшына орнатты. Жалпы, көктің сыйы, жердің игілігі мен жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
2018 жылы елтаңбада "Қазақстан" жазуы латын графикасымен QAZAQSTAN деп берілетін болды. Биыл Жандарбек Мәлібеков 80 жасқа келді. Наурыз мерекесі қарсаңында президент жарлығымен І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз...
Рәміздер конкурсында әнұранның 750 нұсқасы да қаралды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтауға шешім қабылданды. Осылайша, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамидидің музыкасы қалды. Ал үздік мәтінге жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
2006 жылы Қазақстанның жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды. Халық арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтінге біршама өзгеріс енгізді. Сөйтіп, авторлардың қатарына қосылды.
Мемлекттік туды пайдалану ережелері қайта қаралады
2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарауды тапсырды. Осыдан туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарында, соның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда ілуге рұқсат берілді. Бірақ ол ұлтық стандартқа сай болуы қажет. Туды қараңғы уақытта жарық құралдарын қолданбай пайдалануға мүмкіндік бар.
Конституциялық заңға сәйкес, мемлекеттік тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Бірақ бір рет пайдаланылатын заттарға салуға болмайды.
Биыл жастар арасында танымал әншілердің концертінде болған келеңсіз жағдайдан кейін Тоқаев туды пайдалану ережелерін қайта қарауға тапсырма берді.
Мемлекеттік туды қандай жағдайда қолдануға тыйым салынған
адамға немесе затқа құрмет белгісі ретінде жалауды төмендетуге;
апат сигналын беруді қоспағанда, оны кантонмен төмен қоюға;
туды орналастырған аумақтағы заттарға (жер, еде, су) тигізетіндей етіп орнатуға;
тудың бағанын көлденеңінен көтеру (ту әрдайым бұрышта болуы керек);
туды орналастырған кезде оның зақымдануына немесе кірлеуіне;
туға бірдене жазу және (немесе) сурет салуға;
тумен бір нәрсені орауға;
төсек-орын және драпировка ретінде пайдалануға;
оның бейнесін бір рет пайдаланылатын майлықтарға, қораптарға және басқа заттарға басып шығаруға.