https://sputnik.kz/20220601/memlekettik-tudy-paydalanu-tartibin-qayta-qarau-kerek--toqaev-25220439.html
Мемлекеттік туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек – Тоқаев
Мемлекеттік туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Алматыда әншілердің мемлекеттік туды қорлау әрекетінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев рәмізді пайдалану тәртібін қайта... 01.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-01T15:28+0500
2022-06-01T15:28+0500
2022-06-01T15:41+0500
мемлекеттік ту
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/old/836/90/8369032_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_11839e34f3565b51573edf6ea3923888.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Алматыда әншілердің мемлекеттік туды қорлау әрекетінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев рәмізді пайдалану тәртібін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алматыға жұмыс сапары барысында президент қазақстандықтардың мемлекеттік туды пайдалану мәселесін көтерді. Ол жастардың отаншылдық рухын күшейту керек екенін айтты.Президент қазақ елі көк байрағын әрқашан биік ұстағанын атап өтті."Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес". Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым", - деді мемлекет басшысы ғалымдарға.Еске салсақ, жуырда Алматыда өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев өрескел әрекет танытты. Жас әншілер сахнаға мас күйінде шыққаны аздай, Асхат Жолшиев мемлекеттік туды қорлаған. Бұдан бөлек, өнерпаздар бейәдеп сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде өнерпаздарды сынады. Көп ұзамай "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов видео арқылы халықтан кешірім сұрады. Әртіс сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындап, қателік жасағанын, осы жайт оған үлкен сабақ болғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/836/90/8369032_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_e65fab10efc3d575c922e51cab61ba91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
Мемлекеттік туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек – Тоқаев
15:28 01.06.2022 (жаңартылды: 15:41 01.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Алматыда әншілердің мемлекеттік туды қорлау әрекетінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев рәмізді пайдалану тәртібін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Алматыға жұмыс сапары барысында президент қазақстандықтардың мемлекеттік туды пайдалану мәселесін көтерді. Ол жастардың отаншылдық рухын күшейту керек екенін айтты.
"Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы", - деді Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылыми академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда.
Президент қазақ елі көк байрағын әрқашан биік ұстағанын атап өтті.
"Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес". Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым", - деді мемлекет басшысы ғалымдарға.
Еске салсақ, жуырда Алматыда өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев өрескел әрекет танытты. Жас әншілер сахнаға мас күйінде шыққаны аздай, Асхат Жолшиев мемлекеттік туды қорлаған.
Бұдан бөлек, өнерпаздар бейәдеп сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде өнерпаздарды сынады. Көп ұзамай "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов видео арқылы халықтан кешірім сұрады. Әртіс сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындап, қателік жасағанын, осы жайт оған үлкен сабақ болғанын айтты.