https://sputnik.kz/20220603/memleket-basshysy-referendum-25274526.html
Мемлекет басшысы референдумның негізгі мақсатын түсіндірді
Мемлекет басшысы референдумның негізгі мақсатын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Халыққа арналған бейнеүндеуде мемлекет басшысы наурыз айында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын еске салды 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T15:21+0500
2022-06-03T15:21+0500
2022-06-03T15:24+0500
саясат
референдум
мемлекет басшылары
мақсат
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаның негізгі мақсатын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Халыққа арналған бейнеүндеуде мемлекет басшысы наурыз айында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын еске салды. Соның арқасында демократияландыру шаралары жалғасады, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді. Үкімет тиімді жұмыс істейді. Ол үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек. "Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді", - деді Тоқаев. Президенттің айтуынша, халық қолдаса, Ата заңның отыздан астам бабына өзгеріс енгізіледі. "Соның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші республиканың негізін қалаймыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.
https://sputnik.kz/20220603/azamat-ult-tagdyr-toqaev-25274012.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, мемлекет басшылары, мақсат
референдум, мемлекет басшылары, мақсат
Мемлекет басшысы референдумның негізгі мақсатын түсіндірді
15:21 03.06.2022 (жаңартылды: 15:24 03.06.2022) Халыққа арналған бейнеүндеуде мемлекет басшысы наурыз айында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын еске салды
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаның негізгі мақсатын түсіндіріп берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халыққа арналған бейнеүндеуде мемлекет басшысы наурыз айында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын еске салды. Соның арқасында демократияландыру шаралары жалғасады, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді. Үкімет тиімді жұмыс істейді. Ол үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек.
"Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, халық қолдаса, Ата заңның отыздан астам бабына өзгеріс енгізіледі.
"Соның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші республиканың негізін қалаймыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.