Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына ықпал ете алады – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Жазылу
Президент алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашатынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумға байланысты халыққа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы – маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық", - деді Тоқаев.
Айта кетері, 5 маусымда конституциялық өзгерістер бойынша республикалық референдум өтеді. Бүгінде барлық жерде дауыс беру учаскесі жасақталды. Қазақстандықтар бюллетеньде "иә" немесе "жоқ" деп, өз таңдауын жасайды.
Здание Центральной избирательной комиссии РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2022
Саясат
Қазақстан референдум өткізуге толық дайын - сайлау комиссиясы
Жаңалықтар
0