https://sputnik.kz/20220603/qazaqstan-referendum-otkizu-25266670.html
Қазақстан референдум өткізуге толық дайын - сайлау комиссиясы
Қазақстан референдум өткізуге толық дайын - сайлау комиссиясы
Sputnik Қазақстан
Учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне әзір. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізіліп, сақталуы қамтамасыз етілді 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T12:48+0500
2022-06-03T12:48+0500
2022-06-03T12:48+0500
саясат
қазақстан
референдум
https://sputnik.kz/img/980/52/9805227_9:0:1933:1082_1920x0_80_0_0_6f7cdc35c64edfc6ea348cb4221b4004.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге дайын, бүкілхалықтық дауыс беруді ұйымдастырудың барлық қажетті рәсімі аяқталды. Бұл туралы отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы және басқа да уәкілетті органдар халықты референдум туралы хабардар ету үшін "қажеттінің бәрін жасады". Азаматтардың сайлаушылар тізімінде өзін табуға және қай учаскеде дауыс бере алатынын білуіне мүмкіндік жасалған.Референдумға шығарылатын Конституцияға түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жоспарын орындау үшін әзірленді. Әбдіров түзетулер "суперпрезиденттік" басқару формасынан күшті парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуді бекітуге арналғанын атап өтті.Мұндай талаптар комиссияның, есеп комитетінің төрағалары мен мүшелеріне, өңірлердің басшылары мен олардың орынбасарларына қолданылады. Түзетулер сондай-ақ мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына тыйым салуды көздейді.Бірқатар түзету азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтауға, соның ішінде Конституциялық сот құруға, омбудсмен мәртебесін конституциялық деңгейде бекітуге және өлім жазасына толықтай тыйым салуға бағытталған.Сондай-ақ, жаңартылған Конституцияда елдің тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы айтылмайды.Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум 5 маусымда өтеді. Бұған дейін Бас прокуратура өкілі референдумға дайындық кезінде заңбұзушылық болмағанын хабарлады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/980/52/9805227_249:0:1692:1082_1920x0_80_0_0_a1218b21748c2d56a2986ec34fc37b3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, референдум
Қазақстан референдум өткізуге толық дайын - сайлау комиссиясы
Учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне әзір. Бюллетеньдер учаскелерге жеткізіліп, сақталуы қамтамасыз етілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге дайын, бүкілхалықтық дауыс беруді ұйымдастырудың барлық қажетті рәсімі аяқталды.
Бұл туралы отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы және басқа да уәкілетті органдар халықты референдум туралы хабардар ету үшін "қажеттінің бәрін жасады". Азаматтардың сайлаушылар тізімінде өзін табуға және қай учаскеде дауыс бере алатынын білуіне мүмкіндік жасалған.
Референдумға шығарылатын Конституцияға түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жоспарын орындау үшін әзірленді. Әбдіров түзетулер "суперпрезиденттік" басқару формасынан күшті парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуді бекітуге арналғанын атап өтті.
Мұндай талаптар комиссияның, есеп комитетінің төрағалары мен мүшелеріне, өңірлердің басшылары мен олардың орынбасарларына қолданылады. Түзетулер сондай-ақ мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына тыйым салуды көздейді.
Бірқатар түзету азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтауға, соның ішінде Конституциялық сот құруға, омбудсмен мәртебесін конституциялық деңгейде бекітуге және өлім жазасына толықтай тыйым салуға бағытталған.
Сондай-ақ, жаңартылған Конституцияда елдің тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы айтылмайды.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум 5 маусымда өтеді.
Бұған дейін Бас прокуратура өкілі референдумға дайындық кезінде заңбұзушылық болмағанын хабарлады.