https://sputnik.kz/20220602/batys-qazaqstan-qasqyr-qutyru-auruy-25243364.html
Батыс Қазақстанда адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
Батыс Қазақстанда адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
Sputnik Қазақстан
Енді ауылда мал мен ет сатуға болмайды, барлық үй жануарына вакцина салынуға тиіс 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T14:53+0500
2022-06-02T14:53+0500
2023-08-09T09:47+0500
қасқыр
карантин
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25238510_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_e977453d2aa54b2c5227a3ff2d3cb7cb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Шоқтыбай ауылы адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталғаннан кейін карантинге жабылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.Карантин талаптары тұрғындарға әсер етпейді, өйткені құтыру адамнан адамға берілмейді.Оқиға 7 мамыр күні болды. Қасқырдың тісі үш ересек адам мен төрт жасар балаға тиді.Мамандар қасқыр мен ол талаған иттерді атып тастап, жыртқыштың басын зерттеуге жіберген болатын. Зерттеу қорытындысы оның құтыру ауруына шалдыққанын көрсетті.Аудандық ветеринарлық станция басшысының міндетін атқарушы Досқанат Сағынбайдың айтуынша, барлық үй жануары құтыруға қарсы егіледі.Елді мекеннен жануарлар мен етті сатуға шығаруға тыйым салынды.Ауыл карантинге жабылып, 11 мың шаршы метрден астам жерге дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек 1 668 бас ірі қара, 1 290 бас ұсақ мал, 141 жылқы, 50 ит және 55 мысық құтыруға қарсы вакциналанады.Шыңғырлау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қасқыр жарақаттаған тұрғындар антирабиялық сарысу қабылдауды жалғастыратынын жеткізді.
https://sputnik.kz/20220526/batys-qazaqstan-qasqyr-fermerler-25083264.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25238510_75:0:1280:904_1920x0_80_0_0_dd922de0bcb084231e8b62da65515a6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасқыр, карантин, батыс қазақстан облысы
қасқыр, карантин, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
14:53 02.06.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Енді ауылда мал мен ет сатуға болмайды, барлық үй жануарына вакцина салынуға тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Шоқтыбай ауылы адамдарға шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталғаннан кейін карантинге жабылды, деп хабарлады "
Мой город" порталы.
Карантин талаптары тұрғындарға әсер етпейді, өйткені құтыру адамнан адамға берілмейді.
Оқиға 7 мамыр күні болды. Қасқырдың тісі үш ересек адам мен төрт жасар балаға тиді.
Мамандар қасқыр мен ол талаған иттерді атып тастап, жыртқыштың басын зерттеуге жіберген болатын. Зерттеу қорытындысы оның құтыру ауруына шалдыққанын көрсетті.
Аудандық ветеринарлық станция басшысының міндетін атқарушы Досқанат Сағынбайдың айтуынша, барлық үй жануары құтыруға қарсы егіледі.
Елді мекеннен жануарлар мен етті сатуға шығаруға тыйым салынды.
Ауыл карантинге жабылып, 11 мың шаршы метрден астам жерге дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек 1 668 бас ірі қара, 1 290 бас ұсақ мал, 141 жылқы, 50 ит және 55 мысық құтыруға қарсы вакциналанады.
Шыңғырлау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қасқыр жарақаттаған тұрғындар антирабиялық сарысу қабылдауды жалғастыратынын жеткізді.