https://sputnik.kz/20220602/almaty-oblysy-qyz-mayit-25251069.html
Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген
Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T17:36+0500
2022-06-02T17:36+0500
2022-06-02T17:36+0500
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/784/99/7849903_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_d4e1abc903dbe88955b376ef6b5b702e.jpg
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда қыздың анасы кәмелетке толмаған (2005 жылы туған) қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.Полицейлер бойжеткенді іздеу мақсатында жедел-тергеу тобын құрып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілерді анықтады. Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам күдікті деп танылды. Бойжеткен олармен жоғалған күні көшеде танысқан."Күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның денесі жерленген жерді – Қапшағай су қоймасына жақын маңды көрсеткен. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында қыздың денесін өртеп жіберген. Сот-медициналық сараптама тағайындады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізеді.
https://sputnik.kz/20211211/24-zhyl-izdeu-er-adam-18879764.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/784/99/7849903_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_a3b1788585cecd4ae1c9189899692c8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматы маңынан өлі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда қыздың анасы кәмелетке толмаған (2005 жылы туған) қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.
Полицейлер бойжеткенді іздеу мақсатында жедел-тергеу тобын құрып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілерді анықтады. Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам күдікті деп танылды. Бойжеткен олармен жоғалған күні көшеде танысқан.
"Күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның денесі жерленген жерді – Қапшағай су қоймасына жақын маңды көрсеткен. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында қыздың денесін өртеп жіберген. Сот-медициналық сараптама тағайындады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша полиция басқармасы жүргізеді.