https://sputnik.kz/20211211/24-zhyl-izdeu-er-adam-18879764.html
Апалы-сіңлілі екі қызды өлтірген: 24 жыл іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Апалы-сіңлілі екі қызды өлтірген: 24 жыл іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Sputnik Қазақстан
Адам өлтірді деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктіні Қазақстандағы көші-қон қызметінің қызметкері танып қалды 11.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-11T14:51+0500
2021-12-11T14:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
қыздар
қазақстандықтар
іздеу
https://sputnik.kz/img/473/91/4739198_0:38:2846:1640_1920x0_80_0_0_46e9125ceefdfded8aec53ebc0348b45.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Көші-қон қызметі қызметкерінің қырағылығының арқасында Ресейде апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі."Полиция қызметкері Гүлстан Батталова Ресей аумағында апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деген күдікке ілінген 54 жастағы қазақстандықты анықтады. Полиция подполковнигі ер адамды азаматтықты анықтау бойынша құжат қабылдау кезінде танып қалған",- деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.Ер адам тергеу органдарынан 24 жыл бойы жасырынған.Оқиға 1997 жылы наурызда Омбы қаласында болды. 30 жастағы (қылмыс жасаған кезде) ер адам жанжал кезінде шолақ мылтықтан 25 жастағы қыздың басына оқ атқан, кейін оның 22 жастағы сіңлісін бірнеше жерден пышақтап тастаған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан жасырынып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеу жарияланған әйел Нұр-Cұлтанға жеткізілді"Қазір іздеуге бастамашы болған – Омбы облысы бойынша Ресей ІІМБ-ге хабарландыру жолданды. Енді күдікті ауыр қылмысы үшін жауап береді", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/91/4739198_114:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_a4454aaf295f5d86de2dc829244ac632.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыздар, қазақстандықтар, іздеу
қыздар, қазақстандықтар, іздеу
Апалы-сіңлілі екі қызды өлтірген: 24 жыл іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
14:51 11.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Адам өлтірді деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктіні Қазақстандағы көші-қон қызметінің қызметкері танып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Көші-қон қызметі қызметкерінің қырағылығының арқасында Ресейде апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Полиция қызметкері Гүлстан Батталова Ресей аумағында апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деген күдікке ілінген 54 жастағы қазақстандықты анықтады. Полиция подполковнигі ер адамды азаматтықты анықтау бойынша құжат қабылдау кезінде танып қалған",- деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Ер адам тергеу органдарынан 24 жыл бойы жасырынған.
Оқиға 1997 жылы наурызда Омбы қаласында болды. 30 жастағы (қылмыс жасаған кезде) ер адам жанжал кезінде шолақ мылтықтан 25 жастағы қыздың басына оқ атқан, кейін оның 22 жастағы сіңлісін бірнеше жерден пышақтап тастаған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін ол тергеу органдарынан жасырынып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.
"Қазір іздеуге бастамашы болған – Омбы облысы бойынша Ресей ІІМБ-ге хабарландыру жолданды. Енді күдікті ауыр қылмысы үшін жауап береді", - делінген хабарламада.