Қоғам

Халықаралық іздеу жарияланған әйел Нұр-Cұлтанға жеткізілді

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Бахрейннен адам саудасы бойынша күдікті деп танылған әйел экстрадицияланды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратура мен интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады.

"Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қызмет көрсету үшін жіберген трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген айып тағылып отыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған Османова халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та халықаралық іздеу жарияланған үш қазақстандық ұсталды

 

Жаңалықтар
0