Өңірлер

Павлодарда 5 млн теңгенің алтынын ұрлаған ер адам бар "олжасын" ұтылып қалды

Алтын бұйымдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2022
Жазылу
Ол алтын бұйымдарды сатып үлгерген
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Павлодардағы зергерлік бұйымдар дүкенінен 5 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодарлық құқық қорғау органдарына ұрлық фактісі бойынша жеке кәсіпкер арыз жазған.
Бұрын сотталған 27 жастағы ер адам 18 мамырда М.Жүсіп көшесіндегі дүкен сөресінен жалпы сомасы 5 миллион теңгенің алтынын қолды еткен. Барлығы 61 дана алтын бұйым ұрланған.
Полицейлер күдікті ұрлықтан кейін Семей қаласына кеткенін анықтады. Ол жерде павлодарлық жедел уәкілдер қолға түсірген.
Ол алтын бұйымдарды сатып үлгерген. Ал түскен ақшаны букмекерлік кеңседе онлайн-ставкалар жасауға жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2019
Әлем
13 тонна алтынды үйінде жасырған шенеунік ұсталды – видео
Жаңалықтар
0