НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қытай полициясы Ганьчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Цидің үйін тінтіп, оның байлығына қайран қалды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр.
Тәртіп сақшылары 57 жастағы бұрынғы шенеуніктің үйін тексеру барысында 13,5 тонна құйма түріндегі алтын тапқан. Оларды үйдегі жертөленің жасырын бөлмесінде сақтапты.
某个人民的仆人落马了!儋州市原市长,三亚市原市委书记,海口市原市委书记张琦(安徽人,中共党员现年57岁)九月六日落马。其住宅内起获黄砖金条金砖数量惊人,现金13.5吨。另查获帐面来路不明资金2680亿,多套千余平方的豪宅……。又一次刷新了记录,令吾辈叹为观止,贫穷再一次限制了我们的想象力! pic.twitter.com/6hcgKsaFwE
— 猪血旗下 (@h1300062810) 24 сентября 2019 г.
Чжан Ци қала мэрі кезінде Коммунистік партияның хатшысы қызметін қоса атқарған.
Бейресми мәліметке сәйкес, бұрынғы басшының үйінен алтын құймаларымен қатар 268 миллиард юань (шамамен 14 триллион 460 миллиард теңге) табылды.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шенеуніктің бірнеше мың шаршы метрлік қымбат жылжымайтын мүлкі бар екенін де анықтады. Оны экс-мэр амалын тауып, елден жасырып келгенге ұқсайды.