https://sputnik.kz/20220529/zeynet-zhasyn-qysqartu-25152903.html
Сарапшы зейнет жасын қысқарту жайлы: популизммен айналысудың қажеті жоқ
Сарапшы зейнет жасын қысқарту жайлы: популизммен айналысудың қажеті жоқ
Sputnik Қазақстан
Оның пікірінше, зейнет жасы төмендесе, ел қазынасына ауыр салмақ түседі. Сондықтан үкімет бұған мүдделі емес 29.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-29T16:56+0500
2022-05-29T16:56+0500
2022-05-29T16:56+0500
қоғам
зейнет жасы
https://sputnik.kz/img/609/28/6092812_0:100:2016:1234_1920x0_80_0_0_e2c555afb7a0106b1d7c70f7d5b72215.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы жылдары зейнет жасын төмендету мәселесі жиі қозғалып жүр. Жуырда үкімет бұл мәселені қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. Әзірге министрлер кабинетінен ешқандай ұсыныс жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Мәшкеновпен тілдесіп, халықты мазалайтын мәселеге қатысты пікірін білді.Зейнет жасын төмендету – әлемдік үрдіске қайшыМұрат Мәшкеновтің айтуынша, қазір бүкіл әлемде зейнет жасы артқан. Қазақстан да бұл тенденциядан қалыс қалған жоқ. Себебі "қазір кім не десе де, өмір сүру жасы ұзарып жатыр". Сондықтан ол қоғамда зейнет жасын қысқарту туралы ұрандардың жиілеуі проблеманы кешенді түрде шешуге деген ниет емес, саяси популизм деп санайды. Соңғы кездері пайда болған жаңа партиялар алдағы сайлауда жеңіске жету үшін осы арқылы сайлаушылардың қолдауына ие болмақ. Яғни, еңбек конфедерациясының бас хатшысы мұны көбірек саясатпен байланыстырады.Алайда ол зейнет жасын төмендету деген ұсынысты қолдайды. Әсіресе, белгілі бір санаттағы адамдар үшін бұл аса қажет деп есептейді."Ауыр және аса ауыр, қауіпті және аса қауіпті, зиянды және өте зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарды зейнетке ерте жіберу керек. Бұл мұнай-газ, көмір, тау-кен, металлургия салаларының жұмысшыларына қатысты. Шахтерлар, мұнайшылар, металлургтер өндірісте зардап шегіп, денсаулығын жоғалтып жатыр. Әрбір үшінші шахтер немесе металлург – ауру. Бұл жерде популизммен айналысудың қажеті жоқ. Қазір зер салсақ, ресми емес кәсіби ауру түрлері артып барады. Сол себепті осы санаттағы жұмысшылар үшін зейнет жасын қысқарту керек екеніне сенімдімін", - дейді Мәшкенов.Оның үстіне, айтуынша, қарапайым жұмысшыға қарағанда мұнайшылар мен шахтерлар бірнеше есе көп жалақы табады. Яғни жинақтаушы зейнетақысы да орташа статистикалық қазақстандыққа қарағанда көбірек.Сарапшы зиянды әрі қауіпті өндірісте белгілі бір уақыт үздіксіз істеген адамдарға құрметті демалысқа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін беру қажет деп санайды."Бізде тағы бір механизм бар. Біздің жұмысшылар әлеуметтік серіктестік аясында кәсіпорын деңгейінде ұжымдық келісімшарт бекітеді. Осы ұжымдық келісімшарт арқылы жұмыс берушілерді зейнетақы қорына қосымша аударым жасауға міндеттеуге болады. Сонда алпыс үшке жетпеген адамдар мерзімінен бұрын зейнетке шыға алар еді. Бұрын зиянды еңбек өндірісінде 12,5 жыл үздіксіз жұмыс істеу қажет болатын. Осы межені қайта қарастырып, әр өндіріске қолдануға болады. Сонда жұмысшы зиянды еңбек өндірісінде белгілі бір уақыт үздіксіз еңбек еткеннен кейін, зейнетке ерте шыға алады. Ал кейін зейнет жасына жеткенде, оның ақшасына жинақтаушы зейнетақы да қосылады", - дейді Мәшкенов.Оның пікірінше, мұндай әдіс өміршең және ол қажет.Аналарға қамқорлық Мәшкенов әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін емес, тіпті 55-ке дейін қысқартуға болады деп санайды. Тек, ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қабылданатын шешімді негіздеу қажет."Мәселен, тоғыз баласы бар ананы алайық. Бір сәбиді күтіп-бағу үшін ол үш жыл декретте отырады. Сонда, есептей беріңіз, тоғыз баланы өмірге әкелген ана 27 жыл еңбек нарығынан шығып қалады. Ал ол үшін кім зейнетақы жарнасын төлейді? Ол жұмыс істемейді ғой. Мемлекет тарапынан базалық зейнетақы төленеді. Қазір оның мөлшері 20 191 теңге. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Сондықтан жалпы өз басым зейнет жасын төмендету деген тенденцияны қолдаймын. Бірақ қандай жасқа дейін қысқарту қажет, оны зерделеу керек. Мүмкін 58 емес, 55 жаста жіберу керек шығар", - дейді Мәшкенов.Сарапшы мемлекет аналарды назардан тыс қалдырмай, қол ұшын беруі керек екенін атап өтті. Өйткені көпбалалы аналардың денсаулығы жыл өткен сайын жақсармайды. Оның үстіне, жас ұлғайған сайын "екі қолға – бір күрек" табу да қиындай түседі."Әйел болашақта экономикалық қызметтің қатысушысы болатын ұл-қыздарды дүниеге әкеледі. Олар жұмыс істеп, мемлекетке табыс әкеледі. Яғни, ана елдің демографиялық саясатына ықпал етіп отыр. Сол себепті Отан осы адамдарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналарға қамқорлық көрсетуі керек", - дейді еңбек конфедерациясының бас хатшысы.Үкімет неге мүдделі емесБиліктегі шенеуніктер зейнет жасын төмендетуге құлшынып тұрған жоқ. Мұрат Мәшкеновтің сөзіне қарағанда, бұл мемлекет қазынасына ауыр салмақ түсіреді. Сондықтан үкімет бұған мүдделі емес.Экономикалық дағдарыс, инфляция, геосаяси жағдай – мұның бәрі бюджеттің кіріс бөлігінің толығуын қиындатып отыр. Сол себепті мемлекет ақша үнемдеуге тырысады.Өкінішке қарай, адамдар бір күнмен ғана өмір сүреді. Ертеңін ойламайды. Зейнетақы аудару неге маңызды екенін түсінбейді, дейді ол.Мәшкеновтің ойынша, көлеңкелі экономиканы азайту үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет."Ең алдымен, әділ әрі ашық жұмыс істеудің тиімділігін халыққа түсіндіру керек. Неғұрлым көбірек ақша тауып, көбірек аударсаң, зейнет жасына жеткенде тыныш өмір сүресің. Ал ертеңгі күнге деген сенімсіздік жаңа психологияны тудырады. Адамдардың көбі масылдыққа үйренген, көбі бүгінгі күнмен өмір сүреді. Бүгін жетсе болды, ертеңін ойламайды", - дейді ол.Тәлімгерлікті жаңғырту керекБүгінде зейнет жасына жақындаған адамдар жұмыс таба алмай қиналатыны жасырын емес. Компаниялар егде жастағы қызметкердің орнына жас маманды алғанды жөн көреді. Алайда еңбек конфедерациясының бас хатшысы бұл үрдісті құптамайды. Керісінше, оның пікірінше, тәжірибесі мол егде жастағы мамандар тәжірибесі жоқ жастарға өз білгенін үйретуге тиіс."Жастар қарттарға қарағанда энтузиазмімен, денсаулығымен, энергиясымен, прагматизмімен мықты. Бірақ маңызды шешім қабылдар кезде тәжірибесінің аздығынан көбі қателік жібереді. Кеңес кезінде тәлімгерлік деген дүние болған. Тәжірибесі мол адамдар өз білгенін жас буынға үйретеді. Бізде, өкінішке қарай, осы қозғалыс дамымай қалды. Еңбек шеберлігі мектептерін құрып, арнайы мекемелерге ардагер тәлімгерлерді тарту қажет. Өндіріске келген жастарға тәжірибесі мол мамандарды бекіту керек", - дейді Мәшкенов.Ол өткеннің бәрін жоққа шығару дұрыс емес екенін, ұрпақтар сабақтастығы жалғасуы керек екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20220512/zeynet-zhasy-togzhanov-24769020.html
https://sputnik.kz/20220524/zeynetaqy-tolemderi-ibragimova-25039703.html
https://sputnik.kz/20220214/qazaqstan-zeynet-zhasy-adamdar-zhumys-22761636.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/609/28/6092812_120:0:1897:1333_1920x0_80_0_0_e16b087dff273dff49b4f152c49b7dc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
зейнет жасы
Сарапшы зейнет жасын қысқарту жайлы: популизммен айналысудың қажеті жоқ
Нұргүл Абай
тілші-редактор
Оның пікірінше, зейнет жасы төмендесе, ел қазынасына ауыр салмақ түседі. Сондықтан үкімет бұған мүдделі емес
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы жылдары зейнет жасын төмендету мәселесі жиі қозғалып жүр. Жуырда үкімет бұл мәселені қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. Әзірге министрлер кабинетінен ешқандай ұсыныс жоқ.
Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Мәшкеновпен тілдесіп, халықты мазалайтын мәселеге қатысты пікірін білді.
Зейнет жасын төмендету – әлемдік үрдіске қайшы
Мұрат Мәшкеновтің айтуынша, қазір бүкіл әлемде зейнет жасы артқан. Қазақстан да бұл тенденциядан қалыс қалған жоқ. Себебі "қазір кім не десе де, өмір сүру жасы ұзарып жатыр". Сондықтан ол қоғамда зейнет жасын қысқарту туралы ұрандардың жиілеуі проблеманы кешенді түрде шешуге деген ниет емес, саяси популизм деп санайды. Соңғы кездері пайда болған жаңа партиялар алдағы сайлауда жеңіске жету үшін осы арқылы сайлаушылардың қолдауына ие болмақ. Яғни, еңбек конфедерациясының бас хатшысы мұны көбірек саясатпен байланыстырады.
Алайда ол зейнет жасын төмендету деген ұсынысты қолдайды. Әсіресе, белгілі бір санаттағы адамдар үшін бұл аса қажет деп есептейді.
"Ауыр және аса ауыр, қауіпті және аса қауіпті, зиянды және өте зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарды зейнетке ерте жіберу керек. Бұл мұнай-газ, көмір, тау-кен, металлургия салаларының жұмысшыларына қатысты. Шахтерлар, мұнайшылар, металлургтер өндірісте зардап шегіп, денсаулығын жоғалтып жатыр. Әрбір үшінші шахтер немесе металлург – ауру. Бұл жерде популизммен айналысудың қажеті жоқ. Қазір зер салсақ, ресми емес кәсіби ауру түрлері артып барады. Сол себепті осы санаттағы жұмысшылар үшін зейнет жасын қысқарту керек екеніне сенімдімін", - дейді Мәшкенов.
Оның үстіне, айтуынша, қарапайым жұмысшыға қарағанда мұнайшылар мен шахтерлар бірнеше есе көп жалақы табады. Яғни жинақтаушы зейнетақысы да орташа статистикалық қазақстандыққа қарағанда көбірек.
Сарапшы зиянды әрі қауіпті өндірісте белгілі бір уақыт үздіксіз істеген адамдарға құрметті демалысқа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін беру қажет деп санайды.
"Бізде тағы бір механизм бар. Біздің жұмысшылар әлеуметтік серіктестік аясында кәсіпорын деңгейінде ұжымдық келісімшарт бекітеді. Осы ұжымдық келісімшарт арқылы жұмыс берушілерді зейнетақы қорына қосымша аударым жасауға міндеттеуге болады. Сонда алпыс үшке жетпеген адамдар мерзімінен бұрын зейнетке шыға алар еді. Бұрын зиянды еңбек өндірісінде 12,5 жыл үздіксіз жұмыс істеу қажет болатын. Осы межені қайта қарастырып, әр өндіріске қолдануға болады. Сонда жұмысшы зиянды еңбек өндірісінде белгілі бір уақыт үздіксіз еңбек еткеннен кейін, зейнетке ерте шыға алады. Ал кейін зейнет жасына жеткенде, оның ақшасына жинақтаушы зейнетақы да қосылады", - дейді Мәшкенов.
Оның пікірінше, мұндай әдіс өміршең және ол қажет.
Мәшкенов әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін емес, тіпті 55-ке дейін қысқартуға болады деп санайды. Тек, ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қабылданатын шешімді негіздеу қажет.
"Мәселен, тоғыз баласы бар ананы алайық. Бір сәбиді күтіп-бағу үшін ол үш жыл декретте отырады. Сонда, есептей беріңіз, тоғыз баланы өмірге әкелген ана 27 жыл еңбек нарығынан шығып қалады. Ал ол үшін кім зейнетақы жарнасын төлейді? Ол жұмыс істемейді ғой. Мемлекет тарапынан базалық зейнетақы төленеді. Қазір оның мөлшері 20 191 теңге. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Сондықтан жалпы өз басым зейнет жасын төмендету деген тенденцияны қолдаймын. Бірақ қандай жасқа дейін қысқарту қажет, оны зерделеу керек. Мүмкін 58 емес, 55 жаста жіберу керек шығар", - дейді Мәшкенов.
Сарапшы мемлекет аналарды назардан тыс қалдырмай, қол ұшын беруі керек екенін атап өтті. Өйткені көпбалалы аналардың денсаулығы жыл өткен сайын жақсармайды. Оның үстіне, жас ұлғайған сайын "екі қолға – бір күрек" табу да қиындай түседі.
"Әйел болашақта экономикалық қызметтің қатысушысы болатын ұл-қыздарды дүниеге әкеледі. Олар жұмыс істеп, мемлекетке табыс әкеледі. Яғни, ана елдің демографиялық саясатына ықпал етіп отыр. Сол себепті Отан осы адамдарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналарға қамқорлық көрсетуі керек", - дейді еңбек конфедерациясының бас хатшысы.
Биліктегі шенеуніктер зейнет жасын төмендетуге құлшынып тұрған жоқ. Мұрат Мәшкеновтің сөзіне қарағанда, бұл мемлекет қазынасына ауыр салмақ түсіреді. Сондықтан үкімет бұған мүдделі емес.
Экономикалық дағдарыс, инфляция, геосаяси жағдай – мұның бәрі бюджеттің кіріс бөлігінің толығуын қиындатып отыр. Сол себепті мемлекет ақша үнемдеуге тырысады.
"Оның үстіне экономикада "сұр" схема әлі бар. Яғни жалақы конвертпен берілетіндіктен, бюджет қыруар ақшадан қағылып отыр. Қазір ел экономикасында шағын бизнестің көбі "сұр" схемамен жұмыс істейді. Заңды тұлғаларды тіркейді де, жылына бір рет формалды түрде салық төлейді. Ал қалған төлемдер мүлде аударылмайды. Айлықты конвертпен береді. Еңбек келісімшарты атымен жоқ. Азаматтық келісімшарт қана, көрсеткен қызметі немесе тауары үшін ақша төлейді. Мұның бәрі бюджетке түсетін түсімдердің азаюына әкеп соғады", - дейді сарапшы.
Өкінішке қарай, адамдар бір күнмен ғана өмір сүреді. Ертеңін ойламайды. Зейнетақы аудару неге маңызды екенін түсінбейді, дейді ол.
Мәшкеновтің ойынша, көлеңкелі экономиканы азайту үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
"Ең алдымен, әділ әрі ашық жұмыс істеудің тиімділігін халыққа түсіндіру керек. Неғұрлым көбірек ақша тауып, көбірек аударсаң, зейнет жасына жеткенде тыныш өмір сүресің. Ал ертеңгі күнге деген сенімсіздік жаңа психологияны тудырады. Адамдардың көбі масылдыққа үйренген, көбі бүгінгі күнмен өмір сүреді. Бүгін жетсе болды, ертеңін ойламайды", - дейді ол.
Тәлімгерлікті жаңғырту керек
Бүгінде зейнет жасына жақындаған адамдар жұмыс таба алмай қиналатыны жасырын емес. Компаниялар егде жастағы қызметкердің орнына жас маманды алғанды жөн көреді. Алайда еңбек конфедерациясының бас хатшысы бұл үрдісті құптамайды. Керісінше, оның пікірінше, тәжірибесі мол егде жастағы мамандар тәжірибесі жоқ жастарға өз білгенін үйретуге тиіс.
"Жастар қарттарға қарағанда энтузиазмімен, денсаулығымен, энергиясымен, прагматизмімен мықты. Бірақ маңызды шешім қабылдар кезде тәжірибесінің аздығынан көбі қателік жібереді. Кеңес кезінде тәлімгерлік деген дүние болған. Тәжірибесі мол адамдар өз білгенін жас буынға үйретеді. Бізде, өкінішке қарай, осы қозғалыс дамымай қалды. Еңбек шеберлігі мектептерін құрып, арнайы мекемелерге ардагер тәлімгерлерді тарту қажет. Өндіріске келген жастарға тәжірибесі мол мамандарды бекіту керек", - дейді Мәшкенов.
Ол өткеннің бәрін жоққа шығару дұрыс емес екенін, ұрпақтар сабақтастығы жалғасуы керек екенін атап өтті.