https://sputnik.kz/20220524/zeynetaqy-tolemderi-ibragimova-25039703.html
Жеткіліктілік шегі екі есеге өсті: зейнетақы жинағын пайдаланып жатқандар бар
Жеткіліктілік шегі екі есеге өсті: зейнетақы жинағын пайдаланып жатқандар бар
Sputnik Қазақстан
Былтырдан бері бір миллионға жуық қазақстандықта зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік болды 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T16:25+0500
2022-05-24T16:25+0500
2023-08-11T11:40+0500
экономика
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15702161_0:0:3095:1741_1920x0_80_0_0_0a19d0ea7ac720a83240cda386bcf018.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі көтерілгеннен кейін бірыңғай порталға өтінім жіберіп жатқандар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын пайдалану шегі екі есеге өсті. Соған қарамастан, enpf-otbasy.kz порталына өтінім беріп жатқандар бар. "1 сәуірден кейін наурызда жіберілген өтінімдерді өңдедік. Қазіргі кезде, шамамен, 10 миллиард теңгенің межесінде тұрмыз. Бір аптада, шамамен, 400 өтінім өңдеп отырамыз. Осы адамдардың барлығы көп ақша алып жатқан жоқ. Оларда ай сайын шоттағы ақша пайдалану шегінен асып отырады. Бірден өтінім жіберіп, ипотеканы мерзімінен бұрын өтеуге немесе алғашқы жарнаға тапсырыс береді. Емделуге алатындар да бар", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Банк басшысының айтуынша, enpf-otbasy.kz порталы штаттық режимде істеп тұр. Халық оны пайдаланып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, былтырдан бері бір миллионға жуық қазақстандықта зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік болды. Олардың басым бөлігі - 896 549 адам enpf-otbasy.kz порталын пайдаланды. Барлығы 2 триллион 800 миллирд теңге аударылды. Осы ақшаның көбісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. Соның ішінде үйді сатып алу, ипотеканы өтеу және алғашқы жарна бар. Ал 263 133 адам зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдаланған. Олардың арасында бесеуі ғана шетелге барып, емделіп келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15702161_387:0:2708:1741_1920x0_80_0_0_f9449b277098398ac0086f6e2e1bbc0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Жеткіліктілік шегі екі есеге өсті: зейнетақы жинағын пайдаланып жатқандар бар
16:25 24.05.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Былтырдан бері бір миллионға жуық қазақстандықта зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік болды
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі көтерілгеннен кейін бірыңғай порталға өтінім жіберіп жатқандар туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын пайдалану шегі екі есеге өсті. Соған қарамастан, enpf-otbasy.kz порталына өтінім беріп жатқандар бар.
"1 сәуірден кейін наурызда жіберілген өтінімдерді өңдедік. Қазіргі кезде, шамамен, 10 миллиард теңгенің межесінде тұрмыз. Бір аптада, шамамен, 400 өтінім өңдеп отырамыз. Осы адамдардың барлығы көп ақша алып жатқан жоқ. Оларда ай сайын шоттағы ақша пайдалану шегінен асып отырады. Бірден өтінім жіберіп, ипотеканы мерзімінен бұрын өтеуге немесе алғашқы жарнаға тапсырыс береді. Емделуге алатындар да бар", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Банк басшысының айтуынша, enpf-otbasy.kz порталы штаттық режимде істеп тұр. Халық оны пайдаланып жатыр.
"Бірақ 1 сәуірден кейін өтінім беретіндер саны күрт азайды. Себебі зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану шегі екі есеге өсті", - деп атап көрсетті Ибрагимова.
Ресми мәліметке сәйкес, былтырдан бері бір миллионға жуық қазақстандықта зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік болды. Олардың басым бөлігі - 896 549 адам enpf-otbasy.kz порталын пайдаланды. Барлығы 2 триллион 800 миллирд теңге аударылды.
Осы ақшаның көбісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. Соның ішінде үйді сатып алу, ипотеканы өтеу және алғашқы жарна бар. Ал 263 133 адам зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдаланған. Олардың арасында бесеуі ғана шетелге барып, емделіп келді.