Нұр-Сұлтан тұрғынын үйіне қонаққа келген танысы тонап кетті

© AFP 2024 / OHAN ORDONEZАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғынын үйіне қонаққа келген әйел тонап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.
Полицияға қала тұрғыны арызданып, оған танысы қонаққа келіп, 80 мың теңге тұратын "Xiaomi Redmi" маркалы ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кеткенін айтты.
Тергеу барысында 51 жастағы ер адам 63 жастағы әйелмен дүкеннің жанында танысқаны анықталды, екеуі де алкоголь сатып алуға барған. Ер адам таныстықты жалғастыру үшін әйелді үйіне қонаққа шақырған. Екеуі бірге алкогольді ішімдік ішкен. Содан соң әйел ер адамның ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, оның ұялы телефонын, ақшасын ұрлап алып кеткен.
Аталған факті бойынша "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жүзік, сақина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Өңірлер
Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті
Жаңалықтар
0