https://sputnik.kz/20220422/turkastan-oblysy-tonap-ketti-24387313.html
Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті
Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті
Sputnik Қазақстан
Шығын сомасы 1,7 миллион теңгені құрады 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T15:51+0500
2022-04-22T15:51+0500
2022-04-22T15:51+0500
өңірлер
түркістан облысы
ене
тонаушылар
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_c6836435844467dba769c87bc8de7d23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында енесінің 1,7 миллион теңгелік алтын бұйымдарын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. Шардара аудандық полиция бөліміне арызданған әйел белгісіз біреудің үйіне терезеден кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігін, сырғасын, бағалы тастары мен алқаларын жымқырып кеткенін айтқан.Шығын сомасы 1,7 миллион теңгені құрады. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеуді бастап, жедел іздестіру шараларына кірісті.Арнайы тергеу тобы да құрылған. Олар бір күннің ішінде күдіктінің ізіне түсті. Ұсталған ер адам жәбірленушінің күйеубаласы болып шықты."Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Ал ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен", - дейді полицейлер. Алтын бұйымдар иесіне қайтарылған. Ал күдікті тергеуге алынды.
https://sputnik.kz/20211126/Turkistan-oblysy-ene-18765568.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_195:0:1199:753_1920x0_80_0_0_35320f6efa9070437279b0d91084807f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ене, тонаушылар
түркістан облысы, ене, тонаушылар
Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті
Шығын сомасы 1,7 миллион теңгені құрады
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында енесінің 1,7 миллион теңгелік алтын бұйымдарын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz порталы.
Шардара аудандық полиция бөліміне арызданған әйел белгісіз біреудің үйіне терезеден кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігін, сырғасын, бағалы тастары мен алқаларын жымқырып кеткенін айтқан.
Шығын сомасы 1,7 миллион теңгені құрады. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеуді бастап, жедел іздестіру шараларына кірісті.
Арнайы тергеу тобы да құрылған. Олар бір күннің ішінде күдіктінің ізіне түсті. Ұсталған ер адам жәбірленушінің күйеубаласы болып шықты.
"Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Ал ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен", - дейді полицейлер.
Алтын бұйымдар иесіне қайтарылған. Ал күдікті тергеуге алынды.