https://sputnik.kz/20220528/frantsiyada-maymyl-shesheginin-taraluyna-qarsy-algashqy-ekpe-zhasaldy-25138667.html
Францияда маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды
Францияда маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды
Sputnik Қазақстан
Науқас адамдармен байланыста болғандарға маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе салынды 28.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-28T14:00+0500
2022-05-28T14:00+0500
2022-05-28T14:00+0500
әлем
екпе
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_0:178:3010:1871_1920x0_80_0_0_7947956c7af0a71a8f21b6fec198b50a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Францияда маймыл шешегі таралуының алдын алу аясында алғашқы екпе жасалды. Жұма күні Парижде екі адамға вакцина салынды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.Бұған дейін Францияның жоғары денсаулық сақтау органы (HAS) маймыл шешегін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған адамдарды вакциналауды ұсынды.Екпе алғандардың бірі – 30 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, ол кейін жануарларда болатын шешек ауруы анықталған адаммен үш сағат бойы физикалық байланыста болған. Дәл осы жағдай Францияда бірінші болып тіркелді.Соңғы мәлімет бойынша, Францияда маймыл шешегі ауруын жұқтырған барлығы жеті адам тіркелді.Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады. Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.
https://sputnik.kz/20220524/ddsu-maymyl-sheshegi-vaktsinalau-25024926.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_f71ea3a3d9ea057a9628401fcaa028ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екпе
Францияда маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды
Науқас адамдармен байланыста болғандарға маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе салынды
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Францияда маймыл шешегі таралуының алдын алу аясында алғашқы екпе жасалды. Жұма күні Парижде екі адамға вакцина салынды, деп хабарлайды
РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Францияның жоғары денсаулық сақтау органы (HAS) маймыл шешегін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған адамдарды вакциналауды ұсынды.
Екпе алғандардың бірі – 30 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, ол кейін жануарларда болатын шешек ауруы анықталған адаммен үш сағат бойы физикалық байланыста болған. Дәл осы жағдай Францияда бірінші болып тіркелді.
Соңғы мәлімет бойынша, Францияда маймыл шешегі ауруын жұқтырған барлығы жеті адам тіркелді.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады.
Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.