https://sputnik.kz/20220524/ddsu-maymyl-sheshegi-vaktsinalau-25024926.html
ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау туралы пікір білдірді
ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау туралы пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Шұғыл қолдануға болатын вакцина мен вирусқа қарсы препараттардың қоры шектеулі 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T10:15+0500
2022-05-24T10:15+0500
2022-05-24T10:15+0500
әлем
вакцина
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861573_0:198:2937:1850_1920x0_80_0_0_f8e9546c6e5a39e5531f901c46a858de.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африка құрлығынан тыс аймақта маймыл шешегінің өршуі жағдайында жаппай вакцинациялаудың қажеті жоқ деп санайды, деп хабарлады ДДСҰ Еуропа бюросындағы доктор Ричард Пибоди. Ұлыбритания, Швеция, Италия, Франция, Австралия, Канада, Германия, Нидерланды, Швейцария және Испанияны қоса алғанда, бірқатар елде бұл аурудың адамдарға жұғу фактісі тіркелді. Пибоди Рейтер агенттігіне мәлімдегендей, шұғыл қолдануға болатын вакцина мен вирусқа қарсы препараттардың қоры шектеулі. Инфекцияның таралуын бақылауда ұстау үшін ауру жұқтырған адамдардың басқалармен байланысын қадағалап, карантин енгізу қажет. Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады. Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861573_103:0:2834:2048_1920x0_80_0_0_fda05864f277797461d7ef90505e5e77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
вакцина, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау туралы пікір білдірді
Шұғыл қолдануға болатын вакцина мен вирусқа қарсы препараттардың қоры шектеулі
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африка құрлығынан тыс аймақта маймыл шешегінің өршуі жағдайында жаппай вакцинациялаудың қажеті жоқ деп санайды, деп хабарлады ДДСҰ Еуропа бюросындағы доктор Ричард Пибоди.
Ұлыбритания, Швеция, Италия, Франция, Австралия, Канада, Германия, Нидерланды, Швейцария және Испанияны қоса алғанда, бірқатар елде бұл аурудың адамдарға жұғу фактісі тіркелді.
Пибоди Рейтер агенттігіне мәлімдегендей, шұғыл қолдануға болатын вакцина мен вирусқа қарсы препараттардың қоры шектеулі.
Инфекцияның таралуын бақылауда ұстау үшін ауру жұқтырған адамдардың басқалармен байланысын қадағалап, карантин енгізу қажет.
"Жыныстық қатынастағы қауіпсіздікті, гигиенаны сақтап, қолды жиі жуу қажет. Мұның барлығы вирустың таралуын шектеуге көмектеседі", - деді Пибоди.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін.
Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады. Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал.
Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.