https://sputnik.kz/20220527/petropavl-zhylu-elektr-ortalygyndagy-murzha-25125305.html
Петропавл жылу электр орталығындағы апат: құлаған мұржа сүрілетін болды
Петропавл жылу электр орталығындағы апат: құлаған мұржа сүрілетін болды
Sputnik Қазақстан
Қазір 12 қазандықтың 11-ін іске қосу және олардың екі мұржаға таралуы жөнінде техникалық шешім қабылданып жатыр 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T14:42+0500
2022-05-27T14:42+0500
2022-05-27T14:42+0500
өңірлер
жылу электр орталығы
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e6/05/06/24687160_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_f9e19637668a1ec6dbf77bca350244d0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Петропавл жылу энергетикалық орталығында наурыз айында құлаған мұржа сүрілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты."Мұржаны алып тастаймыз. Сынама нәтижесі оның іске жарамсыз екенін көрсетті", - деді ол.Оның айтуынша, қазір 12 қазандықтың 11-ін іске қосу және олардың екі мұржаға таралуы жөнінде техникалық шешім қабылданып жатыр.Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Үйінділер арасынан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Қазандықты бақылауға жауап берген. Артында 15 жастағы баласы және күйеуі қалды.
https://sputnik.kz/20220321/apat-toqaev-akim-23657632.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/06/24687160_106:0:1815:1282_1920x0_80_0_0_56ecbcc01153ee64a5154730bc2e7623.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, петропавл
жылу электр орталығы, петропавл
Петропавл жылу электр орталығындағы апат: құлаған мұржа сүрілетін болды
Қазір 12 қазандықтың 11-ін іске қосу және олардың екі мұржаға таралуы жөнінде техникалық шешім қабылданып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Петропавл жылу энергетикалық орталығында наурыз айында құлаған мұржа сүрілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
"Мұржаны алып тастаймыз. Сынама нәтижесі оның іске жарамсыз екенін көрсетті", - деді ол.
Оның айтуынша, қазір 12 қазандықтың 11-ін іске қосу және олардың екі мұржаға таралуы жөнінде техникалық шешім қабылданып жатыр.
"Солтүстікқазэнерго" АҚ басшылығымен күнделікті байланыстамыз. Ол жаққа апта сайын барамыз. Тоғыз қазандық жұмыс режимінде болуға тиіс. Күн суытқанда 10 қазандық жұмыс істеп, біреуі резервте тұруы керек. Қажетті қаражат табылды. Инвесторлар жөндеу жұмыстарын өз қаражаттарына жүргізеді. Шамамен 17,5 млрд теңге қажет. Тариф сол қалпына қалады, оны көтермейміз. Тұрғындарды дәл осы мәселе мазалаған болатын", - деді Ақсақалов.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады.
Үйінділер арасынан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Қазандықты бақылауға жауап берген. Артында 15 жастағы баласы және күйеуі қалды.