Жылу электр орталығындағы апат: Тоқаев әкімге шұғыл тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Жазылу
Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апаттан кейін облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Бүгін таңертең президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылуэлектр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады", - деп жазды БерікУәли.
Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген.
Компания басшысы – жылуэлектр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.
"Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды", - дейдіУәли.
Еске сала кетейік, кеше Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы апаттан кейін қараушы-машинист жоғалып кеткенін хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды.
ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна.
ТЭЦ-2 в Петропавловске, где рухнула одна из дымовых труб - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Петропавлда жылу электр орталығының мұржасы құлады
Жаңалықтар
0