Петропавлда жылу электр орталығының мұржасы құлады

© Sputnik / Елена БережнаяТЭЦ-2 в Петропавловске, где рухнула одна из дымовых труб
ТЭЦ-2 в Петропавловске, где рухнула одна из дымовых труб - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 20 наурыз — Sputnik. Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Севказэнерго" компаниясының баспасөз қызметі бірінші мұржаның жартылай құлағанын растады.
"Әзірге толыққанды ақпарат жоқ. Станцияда құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда", - деді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Лилия Шерина.
Желіде апат орнында түсірілген алғашқы видео жарияланды. Оның авторы бірінші мұржаның құлап, шатырды қиратқанын, су басып жатқанын айтады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, мұржаның құлағаны туралы хабарлама 19:20-да түскен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жедел жәрдем апат орнына жетті.
Айта кетері, осы жылу маусымында екінші жылу электр орталығында үш апат болды.
Жаңалықтар
0