Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Ресеймен бейбіт келіссөз қажеттілігі туралы айтып жатыр

Европарламент
Европарламент - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
"Азовсталь" жертөлесіндегі табандылық танытқан украиндердің тұтқынға берілуі Украина Қарулы күштерінің сағын сындырған секілді. Әскери қызметшілер кері шегініп, соғыс даласынан қашып, тұтқынға беріліп жатыр. Ал бұған дейін мобилизацияланбағандар майданға шақырту алудан басын алып қашуға тырысып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Мариуполь азат етілгеннен кейін жетекші англосаксондық басылымдардың алғашқы беттерінде Украина туралы ақпарат сирей бастады. "Соғыстың 88-ші күні, соғыстың 89-шы күні..." деген тақырыптағы майдан деректері де жоғалып кетті. Есесіне Голливуд жұлдыздары – Джонни Депп пен Эмбер Хердтқа қатысты сот процесі жиі жарияланып жатыр. Сонымен қатар америкалықтар қарашада өтетін сайлауға ден қойды.
АҚШ-тың ақпарат алаңында Украинадағы соғыс туралы ақпарат басқаша мәнде жазыла бастағаны байқалады. Демократиялық партияның басты бұқаралық ақпарат құралы саналатын New York Times басылымында "Украинадағы соғыс қиындай түсті, Америка бұған дайын емес" деген тақырыппен мақала жарық көрді. Редакция украин көшбасшыларына "мәмілені қажет ететін аймақтық даудың шешімін тезірек табуға" кеңес берді.
Ал Washington Times Украинадағы жағдайды жан-жақты көзқарас тұрғысынан талқылауға шақырып жатыр. Өйткені бұл қақтығыс ядролық соғысқа алып келуі ықтимал. Осының барлығының тоқетері ретінде, Давос форумында 99 жастағы саясаткер Генри Киссинджер Киевке Мәскеумен бейбіт келіссөзге мейлінше жылдамырақ кірісуге кеңес берді. Жалпы Давос форумында 91 жастағы олигарх Джордж Сорос қана Ресеймен соғысты жалғастыра беру туралы айтты.
Ситуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Батыс Геббелльс әдісіне жүгінді
Публицист Патрик Бьюкенен о баста-ақ Ресейге қарсылықтың салдарына шынайы баға беруді ұсынған болатын. Ол қақтығысты созудың еш пайдасы жоқ екенін, керісінше, салдары орасан зор болатынын айтып жатыр.
"Англосаксандық БАҚ Украина президенті Зеленскийге қатысты көзқарасын да өзгерткені байқалады. Киев режимінің өкілдері айтқан сөздер әлі де жарияланып жатқанымен, ол дәйек сөздер басқаша сарында, басқаша сипатта ұсынылып жатыр. Мысалы, Давос форумында Зеленский рух көтеретін, ұранға толы баяндама жасады. Алайда, журналистер "Зеленский Ресейге қарсы санкцияларды талап етті", "Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізуді өтінді", "Зеленский көмек, инвестиция сұрады" деген ақпаратты ғана жария етті", - деп жазады мақала авторы.
АҚШ-тың Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізугі, Украинаны орыстармен ымыраға келуге итермелеуіне америкалықтар таңғалып жатқаны жасырын емес. Қалай болғанда да, қарашада өтетін сайлауға дейін Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс реттелмесе, онда бұл саяси науқанда Демократиялық партияның жеңіліс табатынына еш күмән жоқ.
Байден әкімшілігі Ресейді тежеу қарқынын бәсеңдету арқылы алдағы сайлауда Демокраиялық партияның беделін сақтап қалуға тырысып жатыр. Ал партияның ең адал жақтаушылары мұны Украинаға қатысты сатқындық деп бағалап отыр. Олар Киевке қатысты опасыздық жасалса, сайлауда демократтарға қарсы дауыс береміз деп сес көрсетті.
"Әзірше Мәскеуге ұсынылып жатқан бейбіт келіссөз жобалары ақылға қонымсыз болып тұр. Мысалы, Киссинджер Ресей мен Украинаға кво-статусына, яғни 24 ақпандағы шекараларға қайта оралуды ұсынды. Италия билігі Украинаға автономия статусымен Донбасс пен Қырымды қайтаруды ұсынды", - деп жазды мақала авторы.
Мақалада аталып өткендей, Украина патриоттары кез келген аймақтық бөліністі Украинаға шығын ретінде, ал Ресей тарапынан кез келген ымыра орыс патриоттарының шамына тиетіні белгілі. Сонда қалай келісімге келу керек? Әзірше бұл бағыттағы келіспеушілік пен кідіріс өрши беретін сыңайлы.
Жаңалықтар
0