Саясат

Қазақ-қырғыз шекарасында тексерістер азаяды

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Тоқаев шекарадағы мәселелерді шешуге цифрлық технологиялар көмектесетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан президенттері азаматтардың шекарадан өтуін жеңілдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, жүк тасымалы рәсімдерін жетілдіру жайы да пысықталды.
"Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылды. Былтыр "Қордай"бекеті жаңартылып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіле бастады. Басқа да бекеттерді жаңғырту туралы келісімдер бар. Басты мақсат – шекарадағы тексерістерді азайтып, көлік кептелісін жою", - деді Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте.
Президент аталған мәселелерді реттеу үшін екі цифрлық технологияны енгізудің маңызды екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Тоқаев шетел инвесторларының мүддесін қорғау ісі жалғасатынын, бұл жұмыс қазақ компанияларының Қырғызстанға инвестиция салуына оң ықпал ететінін жеткізді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Саясат
Қазақстан мен Қырғызстан сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізеді
Сонымен қатар Қазақстан капиталының қатысуымен Ыстықкөл облысында күн энергиясы станциясын салу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 300 миллион доллар.
Қасым-Жомарт Тоқаев су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіруді келесі маңызды бағыт ретінде атады.
"Біз трансшекаралық су ресурстары ортақ байлық екенін тағы бір мәрте атап көрсеттік. Су тапшылығы мәселесі жылдан жылға күрделеніп келеді. Беделді халықаралық экологиялық ұйымдар осындай болжам жасап отыр. Су келешекте көп болмайды, тапшы болады. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері бірлескен жұмыстарды қолға алуы қажет", - деді мемлекет басшысы.
Ол екі елге ортақ өзендер әрдайым жұртты жақындастыра түсуге дәнекер болуы керек екенін айтты. Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын, деп сендірді Тоқаев.
Еске салсақ, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке барды.
Жаңалықтар
0