https://sputnik.kz/20220526/almaty-aliment-25074012.html
Алматы тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды
Алматы тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
32 жастағы алматылық кәмелетке толмаған екі баласына бес миллион теңгеден астам қарызболып қалған 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T07:07+0500
2022-05-26T07:07+0500
2022-05-26T07:07+0500
алимент
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы тұрақты табысым жоқ деген желеумен екі баласына бес жыл бойы алимент төлемей келген жергілікті тұрғынға үкім шығарды.Алимент төлемеу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.Департамент бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, тергеу барысында алматылық бірнеше жыл бойы кішкентай балаларына әдейі алимент төлемегені дәлелденген.Оның мәліметінше, ер адамның өз балаларына берешегі 5 миллион 144 мың 362 теңгеге жеткен.Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы іс материалдарын қарап, айыптаушы тараптың уәжімен келісіп, ер адамды кінәлі деп тапты. Үкімге сәйкес, алимент төлеуден жалтарған азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды. Борышкер әке сот залында қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20210912/aliment-tolemegen-253-boryshker-zhazalandy-18108654.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент, алматы
Алматы тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды
32 жастағы алматылық кәмелетке толмаған екі баласына бес миллион теңгеден астам қарызболып қалған
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы тұрақты табысым жоқ деген желеумен екі баласына бес жыл бойы алимент төлемей келген жергілікті тұрғынға үкім шығарды.
Алимент төлемеу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Департамент бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, тергеу барысында алматылық бірнеше жыл бойы кішкентай балаларына әдейі алимент төлемегені дәлелденген.
"Ер адам ресми табысым жоқ деп ақталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктінің бейресми кірісі болғаны анықталды, ол алиментті қасақана төлемеген", - деп жазды Әбдірахманов Telegram-каналында.
Оның мәліметінше, ер адамның өз балаларына берешегі 5 миллион 144 мың 362 теңгеге жеткен.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы іс материалдарын қарап, айыптаушы тараптың уәжімен келісіп, ер адамды кінәлі деп тапты. Үкімге сәйкес, алимент төлеуден жалтарған азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды. Борышкер әке сот залында қамауға алынды.