Өңірлер

Ақтөбе облысында алимент төлемеген 253 борышкер жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги, архивное фото
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
203 адам бес тәулікке дейін қамауға алынып, қалғанына 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды  

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында жыл басынан бері алимент төлемей жүрген 253 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2020
Қоғам
1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды
Сонымен бірге 203 адам 5 тәулікке дейін қамауға алынды, қалғанына сот 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Әрбір құқық бұзушының 3 айдан бірнеше жылға дейінгі қарызы бар.  

"Әкелердің бірде-біреуі өз еркімен алимент төлеу бойынша ешқандай шара қолданбаған. Бұл жағдай жеке сот орындаушыларының әділет департаментіне оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберуіне негіз болды", -деп хабарлады облыстық сот.  

Құжат тексерілгеннен кейін әділет департаментінен сотқа жіберіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 -бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыркүйек айының өзінде 62 борышкерге әкімшілік жаза қолданды.

Жаңалықтар
0