Оқиға

Көкшетау мектебінде табылған "бомба" төңірегіндегі дүрбелең немен аяқталды

© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп оқушылары
Мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Бір күн бұрын мектепте ішінде сымдары бар банка табылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Полиция Көкшетаудағы №2 мектеп-лицейге "бомба қойылды" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Құрылғы оқушы жасаған муляж екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бұл мектепте оқығысы келмегендіктен жасаған.
Қазір полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған тәртіпбұзушыны профилактикалық есепке қою мәселесін шешуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске сала кетсек, 24 мамыр сағат 17:50-де Көкшетау қаласының полиция басқармасына №2 орта мектеп-лицей қызметкерінен хабар түсті. Ол сым салынған қаңылтыр құты тапқанын айтқан. Оқиға орнына жедел уәкілдер келді.
Арнайы мамандары мен кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен мектепті тексеріп шықты. Олар мектептің 20 оқытушысы мен 10 техникалық қызметкерін эвакуациялады.
Күдікті зат хаттамаға сәйкес және адамдардың қауіпсіздігі мақсатында сол жерде жойылды.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Қоғам
15 жастағы оқушы полицияны әбігерге салды – видео
Жаңалықтар
0