https://sputnik.kz/20220520/oqushy-politsiya-video-24948945.html
15 жастағы оқушы полицияны әбігерге салды – видео
15 жастағы оқушы полицияны әбігерге салды – видео
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда оқушыны үш бірдей патрульдік экипаж қуып жүріп ұстаған 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T20:48+0500
2022-05-20T20:48+0500
2022-05-20T20:48+0500
қоғам
оқушы
полиция
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_099d643dbd128e3986c463f70f1ff3cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Ақтауда 15 жастағы оқушы көлік айдап кетті. Патрульдік полицияның үш экипажы оны қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтау-Лада" порталына сілтеме жасап. Жасөспірім туыстарының "Hyundai Tucson" көлігін рұқсатсыз алып, көшеге шығып кеткен. Ал патрульдік полиция тоқтатуға бұйрық бергенде қаша жөнелді. Сол кезде бірнеше рет жол жүру ережесін өрескел бұзған. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда оқушыны үш бірдей патрульдік экипаж қуып жүріп ұстаған. Біреуі жолын бөгеп тастады. Қазіргі кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) мен 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама рәсімделді. Оқушының заңсыз әрекеті үшін ата-анасы жауап береді. Айта кетері, құжатсыз көлік басқарғаны үшін ескерту жасалады, я болмаса, 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. Ал рөлде телефонмен сөйлескені үшін тағы 5 АЕК-тің айыппұлы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_21:0:1728:1280_1920x0_80_0_0_16e9e82fca6b14af56d87f83825d3a78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, полиция
15 жастағы оқушы полицияны әбігерге салды – видео
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда оқушыны үш бірдей патрульдік экипаж қуып жүріп ұстаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Ақтауда 15 жастағы оқушы көлік айдап кетті. Патрульдік полицияның үш экипажы оны қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтау-Лада" порталына сілтеме жасап.
Жасөспірім туыстарының "Hyundai Tucson" көлігін рұқсатсыз алып, көшеге шығып кеткен.
Ал патрульдік полиция тоқтатуға бұйрық бергенде қаша жөнелді. Сол кезде бірнеше рет жол жүру ережесін өрескел бұзған.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда оқушыны үш бірдей патрульдік экипаж қуып жүріп ұстаған. Біреуі жолын бөгеп тастады.
Қазіргі кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) мен 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама рәсімделді.
Оқушының заңсыз әрекеті үшін ата-анасы жауап береді.
Айта кетері, құжатсыз көлік басқарғаны үшін ескерту жасалады, я болмаса, 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.
Ал рөлде телефонмен сөйлескені үшін тағы 5 АЕК-тің айыппұлы қарастырылған.