Қоғам

Грузиядағы қазақстандық қыздың қазасы: іс сотқа тапсырылады

© AP Photo / Marcelo RuizАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Қыз Тбилисиде бір жыл бұрын қайтыс болды. Оның денесі көпқабатты үйдің терезесінің түбінен табылды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен қазақстандық пен Грузия азаматы ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Тбилисиде көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісін өз-өзіне қол жұмсады деген қорытындымен сотқа тапсырғалы жатыр.
Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасына марқұмның ата-анасы хабарлады.
Әселдің анасы қызын өлтіріп, мәйітін пәтерден лақтырып жібергеніне сенімді.
"Істі жауып, сотқа тапсырғысы келеді. Мұның істеу оларға оңай ғой. Кімге сеніп, кімге сенбесімді білмеймін. Істі созып, әуре-сарсаңға салып жүр. Енді маған Грузияға ұшуға тура келеді, басқа амал жоқ. Бір нәрсе шешу керек. Біз Грузия елшілігі арқылы бұл мәселелер бойынша қолдаухат бердік",- деді қаза тапқан қазақстандықтың анасы Айсұлу Айтпаева.
Еске салсақ, бір жыл бұрын Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмды. Ол Грузияға өзінің алыс туысының шақыруымен жұмыс істеуге барған. Он күннен кейін қыз өлі табылды.
Осы елдің құқық қорғау органы 57 жастағы Бесо Тордуаны "қыз зорлады және оны өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыптармен қамауға алған еді. Алайда Тордуа түрме ауруханасында көп ұзамай қайтыс болды.
Әселді жұмысқа шақырған туысқаны Мұрат Мейірбеков те күдікке ілінді. Қазір ол қамауда отыр.
Қыздың ата-анасы ішкі істер министрлігін істі бақылауға алуды сұрайды. Қазір онымен астаналық полиция айналысып жатыр.
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2021
Оқиға
Әсел Айтпаеваның қазасы: сараптама нәтижесі белгілі болды
Жаңалықтар
0