НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша сараптама нәтижесі белгілі болды. Марқұм бойжеткеннің денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ ізі табылған, деп хабарлады "Хабар 24".
Айтпаевтар адвокатының айтуынша, енді сараптама нәтижесі қолға тиген соң еліміздің құқық қорғау органы оған "қыз зорлады" деген жаңа айып тағуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден өлгені анықталды
Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаева 5 мамырда Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмды. Осы елдің құқық қорғау органы 57 жастағы Бесо Тордуаны "қыз зорлады және оны өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыптармен қамауға алған еді. Бірнеше күн бұрын Тордуа ауруханада қайтыс болды.