https://sputnik.kz/20220524/taldyqorgan-zharylys-25045244.html
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс естілді: себебі анықталды
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс естілді: себебі анықталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысында бүгін әскери жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігіне қарасты №21751... 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T18:38+0500
2022-05-24T18:38+0500
2022-05-24T20:42+0500
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1c/18253873_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_676a866b59b6cd04040e49afd789a6d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысында бүгін әскери жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігіне қарасты №21751 әскери бөлімі."Оқу-жаттығу барысында әскери жойғыш ұшақтар дыбыстан жоғары жылдамдық кедергісін еңсерген кезде жарылысқа ұқсас тарс еткен дыбыстар естіледі", - деп атап өтті әскери бөлім.Әлеуметтік желіде отырған қала тұрғындары гүрсіл қаланың түкпір-түкпірінде естілгенін жазды. Көліктердің дабылы іске қосылып, үйлер шайқалған.Кейінірек қорғаныс министрлігі де жарылысқа ұқсас дыбыстың қалай пайда болғанын түсіндірді."Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес майдан авиациясының ұшқыштары биікте аса жылдамдықпен ұшу жаттығуларын орындап жатыр. Мұндай кезде ұшақтар кемінде 11 000 метр биіктікке көтеріледі. Барынша жылдамдыққа ұшу, ұшақпен дыбыстық тосқауылды еңсеру кезінде жерге тарсылдаған дыбыстар естілуі мүмкін", - делінген хабарламада.Министрлік бұл жағдай ұшқыштардың және жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін атап өтті.
https://sputnik.kz/20220524/zharylys-taldyqorgandyqtar-25042835.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1c/18253873_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0b4b67e8ed515f7d0ace0dc2cd0e7d54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-жаттығулар
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс естілді: себебі анықталды
18:38 24.05.2022 (жаңартылды: 20:42 24.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысында бүгін әскери жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігіне қарасты №21751 әскери бөлімі.
"Оқу-жаттығу барысында әскери жойғыш ұшақтар дыбыстан жоғары жылдамдық кедергісін еңсерген кезде жарылысқа ұқсас тарс еткен дыбыстар естіледі", - деп атап өтті әскери бөлім.
Әлеуметтік желіде отырған қала тұрғындары гүрсіл қаланың түкпір-түкпірінде естілгенін жазды. Көліктердің дабылы іске қосылып, үйлер шайқалған.
Кейінірек қорғаныс министрлігі де жарылысқа ұқсас дыбыстың қалай пайда болғанын түсіндірді.
"Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес майдан авиациясының ұшқыштары биікте аса жылдамдықпен ұшу жаттығуларын орындап жатыр. Мұндай кезде ұшақтар кемінде 11 000 метр биіктікке көтеріледі. Барынша жылдамдыққа ұшу, ұшақпен дыбыстық тосқауылды еңсеру кезінде жерге тарсылдаған дыбыстар естілуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Министрлік бұл жағдай ұшқыштардың және жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін атап өтті.