https://sputnik.kz/20220524/zharylys-taldyqorgandyqtar-25042835.html
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды
Sputnik Қазақстан
Қалада не болғаны әзірге белгісіз. Тұрғындардың айтуынша, жарылыстан үйлер шайқалған 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T17:32+0500
2022-05-24T17:32+0500
2022-05-24T18:14+0500
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19055909_1:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_089e031bdfd65bb42d1adf80fed66e05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтап жатыр.Әлеуметтік желіде отырған адамдар гүрсіл қаланың түкпір-түкпірінде естілгенін жазып жатыр. Көліктердің дабылы іске қосылып, үйлер шайқалған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, жарылыс тіпті Талдықорғаннан 40 шақырымдай жерде орналасқан Текелі қаласында да естілген."Қазақстан" кинотеатрының алдындағы ойын алаңында балалармен және итпен серуендеп жүр едік, жеке сектор аумағында, саяжайларға жақын жерде бірдеңе дүрс етті. Балалар қорыққанынан жүрелеп отырып қалды. Өтіп бара жатқандардың бәрі шошып кетті, кейбіреуі балаларын ертіп үйлеріне қайтты. Адамдар қаланың бір жерінде төтенше жағдай болғанын, газ бен жарық өшірілетінін айта бастады. Бірақ дәл қазір электр жарығы мен газ бар", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті тұрғындардың бірі.Ресми органдар әзірге ақпарат берген жоқ.Кейбір қала тұрғындары тауда жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр деп болжады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19055909_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_fef48af0c0891a95c9fa875fa144fc38.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс
Талдықорғанда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды
17:32 24.05.2022 (жаңартылды: 18:14 24.05.2022) Қалада не болғаны әзірге белгісіз. Тұрғындардың айтуынша, жарылыстан үйлер шайқалған
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі анықтап жатыр.
Әлеуметтік желіде отырған адамдар гүрсіл қаланың түкпір-түкпірінде естілгенін жазып жатыр. Көліктердің дабылы іске қосылып, үйлер шайқалған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, жарылыс тіпті Талдықорғаннан 40 шақырымдай жерде орналасқан Текелі қаласында да естілген.
"Қазақстан" кинотеатрының алдындағы ойын алаңында балалармен және итпен серуендеп жүр едік, жеке сектор аумағында, саяжайларға жақын жерде бірдеңе дүрс етті. Балалар қорыққанынан жүрелеп отырып қалды. Өтіп бара жатқандардың бәрі шошып кетті, кейбіреуі балаларын ертіп үйлеріне қайтты. Адамдар қаланың бір жерінде төтенше жағдай болғанын, газ бен жарық өшірілетінін айта бастады. Бірақ дәл қазір электр жарығы мен газ бар", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті тұрғындардың бірі.
Ресми органдар әзірге ақпарат берген жоқ.
Кейбір қала тұрғындары тауда жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр деп болжады.