Қасқасу шатқалында жоғалып кеткен төрт турист табылды

© Sputnik / Александр Поляков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
Іздестіру тобы оларды бір тәулікке жуық уақыттан кейін тапты, медициналық көмек қажет болмады
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында төрт адам Сусіңген көлінен тауға шығып, қалың тұманның түсуіне байланысты демалыс аймағына қайта алмай қалған, деп хабарлады ОТЫРАР.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, туристер 22 мамырда күндізгі сағат 11-де жоғалып кеткен. Жоғалғандарды іздеуге 17 құтқарушы, төрт полиция қызметкері мен Ұлттық саябақтың 5 қызметкері шықты.
Төтенше жағдайлар департаменті таудағы Құлыншақты аумағындағы Науытсай шатқалынан 10 шақырым жерден із-түзсіз жоғалған төрт адамды тапты. Таңертеңгі сағат 06:30-да, бір тәулікке жуық уақыттан кейін іздестіру тобы оларды түсіріп, құтқарды, медициналық көмек қажет болмады.
жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Өңірлер
Атырауда 11 адам жоғалып кетті
Жаңалықтар
0