Өңірлер

Атырауда 11 адам жоғалып кетті

© CC0 / Free-Photosжол
жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Олар бір күн бұрын "Ақмаңдай" учаскесіне қарай көлікпен кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Атырау облысында 11 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Inatyrau.kz жазды.
Белгілі болғандай, сағат 14:00-де "Уаз" жүргізушісі мен 10 жолаушы "Ақмаңдай" учаскесіне қарай бет алып, әлі оралмаған.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі іздеу шаралары басталғанын хабарлады.
"9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында Аққыстау ауылынан 160 километр қашықтықта құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
0