https://sputnik.kz/20220522/shymkent-zharylys-zardap-shekkender-24973122.html
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Екі санитар әйел жансақтау бөліміне түскен, қазір біреуін жалпы бөлімге ауыстырып жатыр 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T13:34+0500
2022-05-22T13:34+0500
2022-05-22T13:34+0500
шымкент
өңірлер
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі жарылыс кезінде жарақат алған адамдардың жағдайына қатысты ақпарат жарияланды. Бас кезінде екеуі жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, зардап шеккен 7 адамның ішінде бесеуі – перинаталдық орталықтың қызметкерлері. Төртеуі кіші буын қызметкерлері болса, біреуі – медбике. Қазіргі кезде олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.Жарылыс кезінде жарақат алған тағы екі адам – жұмысшы. Олар перинаталдық орталықта күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жүрген.Басқарма басшысының айтуынша, перинаталдық орталықта өрт болмаған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, толқыны ғимаратты зақымдап жіберген, терезелері сынып, кейбір қабырғалары бұзылған."Мен орталық ұжымына үлкен алғысымды айтайын деп едім. Кеше жарылыстан кейін біреуі де жұмысын тастап кеткен жоқ. Барлығы жұмылып, соңына дейін жүрді. Далада жүрген адамдар да көмекке жетіп келді", - деп атап өтті басқарма басшысы.Еске салсақ, кеше, 21 мамырда Шымкентте аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды. Дәріхана перинаталды орталықтың маңында орналасқан.Жарылыстан кейін үйінді арасынан 1979 жылы туған күзетшінің мәйіті табылды. Сондай-ақ перзентханада жатқан бір нәресте мен жөндеу жұмыстарын жасап жүрген 1980 жылғы жұмысшы көз жұмды.
https://sputnik.kz/20220522/perzentkhana-zharylys-ushem-24972748.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, жарылыс
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Екі санитар әйел жансақтау бөліміне түскен, қазір біреуін жалпы бөлімге ауыстырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі жарылыс кезінде жарақат алған адамдардың жағдайына қатысты ақпарат жарияланды. Бас кезінде екеуі жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, зардап шеккен 7 адамның ішінде бесеуі – перинаталдық орталықтың қызметкерлері. Төртеуі кіші буын қызметкерлері болса, біреуі – медбике. Қазіргі кезде олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Екі санитар әйел жансақтау бөліміне түскен. Біреуі бастан жарақат алды, оң аяғына да зақым келді. Ол жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты. Екінші санитар әйел де жарақат алды, оны жалпы бөлімге ауыстырып жатырмыз. Сонда жансақтау бөлімінде бір адам қалып отыр. Бірақ оны да дүйсенбі күні жалпы бөлімге ауыстырамыз", - деді Пашимов бүгін өткен брифингте.
Жарылыс кезінде жарақат алған тағы екі адам – жұмысшы. Олар перинаталдық орталықта күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жүрген.
Басқарма басшысының айтуынша, перинаталдық орталықта өрт болмаған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, толқыны ғимаратты зақымдап жіберген, терезелері сынып, кейбір қабырғалары бұзылған.
"Мен орталық ұжымына үлкен алғысымды айтайын деп едім. Кеше жарылыстан кейін біреуі де жұмысын тастап кеткен жоқ. Барлығы жұмылып, соңына дейін жүрді. Далада жүрген адамдар да көмекке жетіп келді", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Еске салсақ, кеше, 21 мамырда Шымкентте аурухананы қажетті препараттармен қамтамасыз ететін дәріханада жарылыс болды. Дәріхана перинаталды орталықтың маңында орналасқан.
Жарылыстан кейін үйінді арасынан 1979 жылы туған күзетшінің мәйіті табылды. Сондай-ақ перзентханада жатқан бір нәресте мен жөндеу жұмыстарын жасап жүрген 1980 жылғы жұмысшы көз жұмды.