https://sputnik.kz/20220522/mangystau-asker-sarbaz-24971543.html
Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге шақырылған сарбаз үйіне оралды
Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге шақырылған сарбаз үйіне оралды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында әскерге келгеннен кейін өзін біртүрлі ұстап, жақындарын танымай қалған Талғат Айтмұханов үйіне оралды, деп... 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T10:39+0500
2022-05-22T10:39+0500
2022-05-22T10:39+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
сарбаз
https://sputnik.kz/img/old/997/65/9976584_0:11:1025:587_1920x0_80_0_0_06d502252b864fd29f9e9b8d0d5427fa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында әскерге келгеннен кейін өзін біртүрлі ұстап, жақындарын танымай қалған Талғат Айтмұханов үйіне оралды, деп хабарлайды "Лада".Алайда оның жағдайы үйде де жақсармаған. Туыстарының айтуынша, Талғат ешкімді танымайды."Ол ешкімді танымайды. Қайда екенін және не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде, ешқандай реакция жасамады. Алдында сарбаз тұр ма, жақын адамы ма, бәрібір сияқты. Бірақ өзінің фамилиясы мен жасын біледі, ал үйі мен отбасын танымайды", - дейді сарбаздың туысқаны Қайрат Насыбаев.Бұған дейін қорғаныс министрлігі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер әскерге келгеннен кейін бір аптадан соң айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін хабарлаған еді. Жас жігіт медициналық тексерістен өткен. Алайда дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ.Сарбаз биыл мамырда әскерге шақырылған. Қазір әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20220519/ministrlik-aqtau-sarbaz-24910837.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/997/65/9976584_41:0:948:680_1920x0_80_0_0_4ac2838e2e1f6cbabea38a235d8a7bc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, сарбаз
Ешкімді танымайды: Маңғыстауда әскерге шақырылған сарбаз үйіне оралды
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында әскерге келгеннен кейін өзін біртүрлі ұстап, жақындарын танымай қалған Талғат Айтмұханов үйіне оралды, деп хабарлайды
"Лада". Алайда оның жағдайы үйде де жақсармаған. Туыстарының айтуынша, Талғат ешкімді танымайды.
"Ол ешкімді танымайды. Қайда екенін және не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде, ешқандай реакция жасамады. Алдында сарбаз тұр ма, жақын адамы ма, бәрібір сияқты. Бірақ өзінің фамилиясы мен жасын біледі, ал үйі мен отбасын танымайды", - дейді сарбаздың туысқаны Қайрат Насыбаев.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер әскерге келгеннен кейін бір аптадан соң айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін хабарлаған еді. Жас жігіт медициналық тексерістен өткен. Алайда дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ.
Сарбаз биыл мамырда әскерге шақырылған. Қазір әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр.