https://sputnik.kz/20220519/ministrlik-aqtau-sarbaz-24910837.html
"Өзімен-өзі сөйлескен": министрлік Ақтаудағы сарбазға қатысты түсініктеме берді
"Өзімен-өзі сөйлескен": министрлік Ақтаудағы сарбазға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Оны әскерге шақыру үшін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жеткізгені шындыққа жанаспайды, дейді ведомстводағылар 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T10:18+0500
2022-05-19T10:18+0500
2023-08-10T16:53+0500
қоғам
сарбаз
қорғаныс министрлігі
ақтау
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желіге таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.Министрліктің хабарлауынша, 18 мамырда сағат 12.00-де бөлім басшылығы 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А. айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін байқады.Ведомство мәліметінше, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім оны әскерге шақыру үшін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жеткізгені шындыққа жанаспайды. "2022 жылғы 4 мамырда әскерге шақырылған А-ға белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілді. 11 мамырда ол шақыру пунктіне келді. Сол жерде оған және оның туысқандарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлімденген болатын. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде А. Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге өтініш білдірді. Медициналық тексеруден өткенде денсаулығына ешқандай шағым жасаған жоқ", - дейді министрлікте. Оқиғаға қатысты әскери полиция тексеру жүргізуде.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, қорғаныс министрлігі, ақтау
сарбаз, қорғаныс министрлігі, ақтау
"Өзімен-өзі сөйлескен": министрлік Ақтаудағы сарбазға қатысты түсініктеме берді
10:18 19.05.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Оны әскерге шақыру үшін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жеткізгені шындыққа жанаспайды, дейді ведомстводағылар
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желіге таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Министрліктің хабарлауынша, 18 мамырда сағат 12.00-де бөлім басшылығы 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А. айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін байқады.
"Орын алған жағдай жайлы сарбаздың ата-анасына хабарланды. Жас жігіт медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде (МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі) дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ. 19 мамырда мамандар қайта тексеру жүргізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім оны әскерге шақыру үшін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жеткізгені шындыққа жанаспайды.
"2022 жылғы 4 мамырда әскерге шақырылған А-ға белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілді. 11 мамырда ол шақыру пунктіне келді. Сол жерде оған және оның туысқандарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлімденген болатын. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде А. Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге өтініш білдірді. Медициналық тексеруден өткенде денсаулығына ешқандай шағым жасаған жоқ", - дейді министрлікте.
Оқиғаға қатысты әскери полиция тексеру жүргізуде.