Қоғам

Жеңілдетілген автокредитпен көлік алған алғашқы қазақстандықтың есімі белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Елорда тұрғыны бағдарлама басталған күні, 16 мамырда өтінім берген
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 4 проценттік автонесие бағдарламасының алғашқы қатысушысына жаңа көліктің кілті табысталды.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының ақпаратынша, жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша көлік мінген алғашқы қазақстандық – елордалық инженер Бекзат Тілеген. Ол 16 мамыр күні Банк ЦентрКредит арқылы өтінім берген.
"Бұл шынымен де мен үшін тосын сый. Мен барлығымен бірге өтінім бердім. Ол кезде қызымның туған күні еді. Бүкіл процедурадан өтіп, үйге қайттым. Автосалон менеджерлері маған көп ұзамай хабарласады деген ойымда да болған жоқ. Бүгін, міне, кілтті алып жатырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін салоннан алған алғашқы автокөлік", - деді қуанышымен бөліскен Бекзат Тілеген.
Автобизнес қауымдастығы бүгіннен бастап басқа да азаматтар көптен күткен көлігінің кілтін ала алатынын атап өтті. Автосалондар мен банктер көлік кілтін кезең-кезеңмен беруге дайын.
Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, бүгінгі таңда бағдарламаға қатысатын банктер 31,7 млрд теңгеге 4290 өтінімді мақұлдаған.
 автокредит - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2022
Экономика
Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді
Жаңалықтар
0