https://sputnik.kz/20220519/avtokredit-bagdarlamasy-byudzhet-24911899.html
Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді
Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ 19.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-19T11:03+0500
2022-05-19T11:03+0500
2022-05-19T11:03+0500
экономика
автокөлік
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838022_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_6542018a9a03126cde56d93d2d3bf9a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына тағы бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтқан. Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді. "Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы - бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ", - деді Жамаубаев. Айта кетері, осы аптаның басында Қазақстанда жаңа автокредит бағдарламасы іске қосылды. Бірақ бұрынғы бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттер де беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838022_208:0:2939:2048_1920x0_80_0_0_be2d4687045fe3e818e297f2e47a14d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, бюджет
Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді
Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына тағы бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтқан.
"Біз қазір мына 100 миллиардтан басқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлеміз бе деп отырмыз. Біздің қаржылық-экономикалық негіздемеміз бойынша 150 миллиард болып тұр. Оны жыл сайын 30 миллиардтан бөлеміз деген ой бар. Бірақ ол ақшаны бере ме, бермей ме, әзірге белгісіз", - деді Қарабаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді.
"Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы - бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ", - деді Жамаубаев.
Айта кетері, осы аптаның басында Қазақстанда жаңа автокредит бағдарламасы іске қосылды. Бірақ бұрынғы бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттер де беріледі.