Қоғам

Қостанайлық полицей көпбалалы ананың баспана ақысын төледі

© PhotoКостанайский полицейский оплатил аренду для женщины с тремя детьми
Костанайский полицейский оплатил аренду для женщины с тремя детьми - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Полицей үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әйелді аяп көмек көрсеткен
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Қостанайда полицей үш баласы бар әйелдің пәтер ақысын төлеп берді.
Учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов түскен хабар бойынша барған. Қостанай қалалық ІІБ солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Узкоколейная көшесінің бойында көршілер төбелескені туралы хабарланған. Бұл мекенжайда кәмелетке толмаған үш баласы бар әйел тұрған. Тұратын жер болмағандықтан, ол танысының үйін паналауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Баласы бар әйелді көргенде, шет қала алмадым. Үлкен баласы небәрі 4 жаста, ал ең кішісі алты айлық. Мен ең алдымен баспанамен көмектесуді жөн көрдім. Жатақханадан бөлме жалға алып берді", - деді Оңайбек Оразақов.
Учаскелік полиция қызметкері бұл отбасын қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қостанайлықтар да көмектескен.
"Әйел жәрдемақы алады. Бірақ осы айда ақша түспей қалды. Осыдан кейін зейнетақы қорына хабарласып, құжаттарын рәсімдеуге көмектестім", - деп бөлісті полицей.
Үш баланың анасы қиын жағдайда көмектескен учаскелік полицейге алғысын білдірді.
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Қоғам
Желіде танымал болған полицей бала қызметтік көлікке мінді – видео
Жаңалықтар
0