Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әскери лазерлердің мүмкіндіктері қандай

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
НАТО елдерінің Киев режиміне қару-жарақ жеткізуінің артуы Ресейдің Украинадағы арнайы операция кезінде әскери лазерлерді қолдануына алып келді, деп санайды әскери шолушы Александр Хроленко
Мәскеу жаңа буынға жататын лазерлік кешендерді қолданатыны туралы ақпаратпен АҚШ пен оның одақтастары үшін туындаған қауіп туралы ескертті. Бұл Пентагонның алыс орбитадағы спутниктерін қоса алғанда, әуе мен ғарыш кеңістігіндегі радиоэлектронды және оптикалық қымбат барлау құралдарын әп-сәтте жою ықтималдылығын білдіреді.
Ресей вице-премьері Юрий Борисов 18 мамырда Украинада "Задира" жаңа лазерлік кешені қолданылатынын мәлімдеді. Бұл кешен бес секундтың ішінде қарсыластың 5 километр қашықтықтағы пилотсыз ұшатын техникасын жағып жібере алады.
Вице-премьер "Задира" сериялық өндіріспен шығарылып жатқанын және түрлі лазерлік кешендер ресейлік армияның қарулануына енгізілгенін айтты. Қазір жаңа физикалық принциптер бойынша әзірленген жүйелер пысықталып жатыр. Юрий Борисов жер бетінен 1500 километрге дейінгі биіктіктегі жаудың барлық барлау спутниктік жүйесін лазерлік импульспен істен шығаруға мүмкіндік беретін "Пересвет" кешенінің қуаты туралы айтты.
Бұған дейін Борисов кешеннің энергетикалық қондырғысы туралы құпия деректен біршама мәлімет ұсынды: "Біздің ядролық мамандар қарсыластың сәйкес қару-жарағын бір сәтте, санаулы секундта жойып жіберуге қауқарлы энергияны шоғырландыруды үйренді". Лазерлік "Пересвет" үшін дәлдігі жоғары "оптикалық көздеуіш" қызметін СМ-8990 мобильді телескопы атқарып тұр деп болжауға негіз бар. Атылған лазерлік оқты тежеу немесе оған тосқауыл болу мүмкін емес.
2017 жылы қарулануға қабылданған мобильді "Пересвет" 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап әскери кезекшілікте болды. 2019 жылдың соңында Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов шетелдік әскери дипломаттармен кездесуде лазерлік кешеннің жауынгерлік кезекшілігі "жылжымалы жерүсті зымыран жүйелерінің маневрлік әрекеттерін жасыру міндетімен олардың позициялық аудандарында ұйымдастырылғанын" атап өтті.
"Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ретінде 2020 жылдың көктемінде "Пересвет" Сирияда сынақтан сәтті өтті. Әйтсе де, 18 мамырда Юрий Борисов жоғары технологиялық қаруды "кешегі күннің техникасы" деп бағалады. Соған қарағанда, жаңа физикалық принциптерге негізделген кешендер Ресейдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай мүмкіндіктерге ие болатынын болжаудың өзі қиын", - деп жазды Хроленко.
"Задира" лазерлік кешені сериялық өндіріспен шығарылып, әскерге жеткізіліп жатыр және ол 5000 метр қашықтықта пилотсыз ұшатын аппараттарды қирата алады. Осыған қарап, бұл жабдық мобильді әрі шағын екенін, алдыңғы шепте қарсыластың назарын аудармайтын көлемде екенін болжауға болады.
Сонымен қатар, РФ қорғаныс министрлігі 2017 жылдың жазында "Ресей федералды ядролық орталықта" жаңа принципке негізделген "Задира-16" соғыс кешенін әзірлеуге тапсырыс бергені белгілі. Бұл техникаға қатысты дерек құпия сақталғанымен, ықтимал қарсыластың әскери-теңіз күштері мен әскери-әуе күштерінің "стелс" қанатты зымырандары және ұшақтарымен қарулануы "Задира" тек пилотсыз ұшатын аппараттарды ғана қиратпайтынын жәнее 5000 метр шекті қашықтық емес екенін аңғаруға болады.
Лазерлік кешенді авиация және теңіз тасымалдағыштармен интеграциялау тиімді болады. РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, стратегиялық, тактикалық және армия авиация ұшақтарын лазерлік жүйелермен жабдықтау нұсқалары қарастырылып жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Әлем
Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі Ресейге қалай әсер етеді
Ресейдің қорғаныс министрлігі ғарыш аппараттары тобын арттыруды басымды бағыт деп белгілеп отыр. Жақында "Космос-2556" әскери мақсаттағы спутник орбитаға шығарылды. Ресей президенті Владимир Путин "мұндай лазерлік әскери кешендер ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін еселеп арттыратынын" атап өтті.
Хроленко АҚШ пен НАТО-да "Задира" аналогы болатын кешен жоқ екенін жазды. Америкалықтар ондаған жыл бойы теңіз және әуеде қолдануға арналған әскери лазерлік жобалармен айналысқанын, бірақ сериялық өндіріс үшін қажетті көздеген мақсатқа қол жеткізе алмаған. Қазір Ақ үй Киев режиміне бұған дейін уәде еткен 300 километрге дейінгі қашықтықта жаппай оқ атуға арналған M270 MLRS пен M142 HIMARS реактивті жүйелерін жеткізуден бас тартып отыр. Соңғы екі айда АҚШ өз одақтастарына тиесілі кеңестік өндіріске жататын реактивті жүйелерді ғана Киевке жолдады.
"Вашингтон мен Брюссель Ресейдің украин аумағындағы лазерлік сигналды ескерту ретінде қабылдап отыр. Ресейдің арнайы әскери операциясы жоспарға сай жүріп жатыр. Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша міндеттер бірізді орындалып жатыр", - деп жазды Хроленко өз материалында.
Жаңалықтар
0